Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 116 елді мекен кене шақан жағдайда ауру жұқтырып алу қаупі жоғары аймақ болып танылды

30.05.2022

955 0

Жыл басынан бері облыс бойынша кене шағу дерегімен 225 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге көп.

Аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ағымдағы жылдың 5 айында 4 ықтимал жағдай тіркеліп, оның 1-еуі эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық жолмен нақтыланды. Қалған 3 адамның диагноздары зертханалық қорытындыларының теріс болуына байланысты өзгертілді. Былтыр КҚГҚ ауруы 12 адамнан анықталған болатын.

Сәуір айынан басталған кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының 1-кезеңі 4 маусымда аяқталады деп жоспарланды. Жүргізілген мониторинг кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігі 95 пайыздан жоғары деңгейде екендігін көрсетті.

Бүгінгі күні облыс бойынша медициналық мекемелерде КҚГҚ-мен ауыратын науқастарды емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, иммунды плазма, қажетті дәрі-дәрмектер, қан және қан алмастырғыштар, қорғаныс заттары, залалсыздандыру заттары және  т.б. қажетті құрал-жабдықтар қоры  жасақталған.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтарды мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен айналысқанда, табиғат аясына демалысқа шыққанда кенелердің шабуылынан сақтану шараларын жауапкершілікпен орындауды сұрайды. Сондай-ақ аурудың алғашқы белгілері анықталған бойда жедел түрде медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Себебі дер кезінде ем-шара қабылдаған жағдайда аса қауіпті аурудың асқынып кетуіне, өлім жағдайына әкеліп соғуына жол бермей, толық сауығып шығуға болатындығын еске саламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: