Жексенбі, 13 қазан, 02:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Жетісуда 6 жасар бала 3 айлық қарындасын пышақтап өлтірді

10.01.2023

901 0

Жетісу облысында алты жастағы бала үш айлық туған қарындасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 10 қаңтар күні таңертең Жетісу облысының Жаркент қаласында болған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Кейбір деректер бойынша, баланың бұл әрекетіне қызғаныш себеп болған. Ата-анасы бұл уақытта ұйықтап жатқан болуы мүмкін. 

«Жаңа туған нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша Жаркент қаласында ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша қажетті сараптамалар тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: