Жексенбі, 24 қараша, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Салмақты семинар

27.02.2023

625 0

Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-эпидемиологы Салтанат Қалмырзаева орталық ұжымына семинар-тренинг өткізді. Жиынға «Аса қауіпті нфекциялық аурулар» тақырыбы арқау болды. Маман маусымдық жұқпалы дерттер туралы айтып, көпшіліктің сұрағына жауап берді.

«Санаулы күндерден кейін көктем келеді. Бұл мезгілде көптеген қауіпті аурулардың қоздырғыштары оянып, адам денсаулығы мен өміріне қатер төндіреді. Сол себепті әрбір адам сақтық шараларына назар аударып, күтінуі тиіс», – деді Салтанат Ердешқызы.

Семинар барысында эпидемиолог-дәрігер оба, Конго-қырым қанды безгегі және тырысқақ аурулары туралы мәліметтермен бөлісті. Аталмыш аурулардың алғашқы белгілері жайында айтып берді. Көп жағдайда аса қауіпті инфекциялық аурулар мал қораларды, далалық жерлерде кездесетін жануарлар мен жәндіктерден жұғады.​ Ауру белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгінген дұрыс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: