Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Салтанат Байқошқарова: «Ешқашан күйеуіңе сенбе, босағаңа сен»

18.09.2024

442 0

Қазақстандағы ЭКО саласының негізін қалаушы Салтанат Байқошқарова Kozqaras подкастта берген сұхбатында күйеуі туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, күйеуінен тығылып жұмыс істейді.

«Күйеуім мінезі қатал, бұзық мінезі бар, Батыр деген атына сай. Бірақ өте әділ, еңбекқор, жанашыр, адамгершілігі жоғары. Сол маған «сен демалып білмейсің, өстіп жүріп өліп қаласың» деп ұрсады. «Ең болмаса, теңізге барайықшы» деп ұрсады. Бір жаққа барсақ, тығылып жүріп жұмыс істеймін. Менің хоббиім – жұмысым», – деді ол.

Салтанат Байқошқарова қыздарға ақыл-кеңесін айтты.

«Атамның сөзі миымда қалып қойыпты. Қыздарға «ешқашан күйеуіңе сенбе, босағаңа сен, босағаң сені қалдырмайды» деп айтатын. Күйеуіңе сенбе дегені – өз-өзіңе сен дегені ғой. Байқошқар атамның бұл сөзінде өте терең мағына бар екен. Өйткені күйеуің тастап кетуі мүмкін, тірлікке жарамсыз болуы мүмкін, о дүниелік немесе ауру болып қалуы мүмкін. Не деген сөздерді айтып кеткен деп кейде таңғаламын. Әйел негізі ермен қатар жүріп, бірге қимылдамаса, күйеуіне ғана сеніп отырса түкке де жетпейді. Жас қыздарға маман атанып, кәсіпкер болыңдар деп айтқым келеді», – деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: