Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сіз қандай ұн пайдаланып жүрсіз?

26.09.2023

378 0

Күнделікті тағам рационын нан өнімдерінсіз елестету қиын. Қазір сауда сөрелерінде нанның саналуан түрі сатылымда, тұтынушыға кең таңдау берілген. Бірақ солардың ішінде адам ағзасына ең пайдалысы – фортификацияланған ұннан жасалған нан өнімдері. Себебі мұндай ұн денсаулықты қалыпты ұстап тұру үшін қажетті түрлі минералдармен, дәрумендермен байытылған.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізу үшін өндірілетін нан пісіруге арналған жоғары және бірінші сортты бидай ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен міндетті түрде байытуға жатады.
Технологиялық өңдеу кезінде көптеген азық-түлік өзінің құнарлылығын азайтады. Бұларды қайта қалпына келтірудің бір жолы – ұнды дәрумендермен және микроэлементтермен байыту. Күнделікті қолданыстағы тағам болғандықтан адам ағзасына аса қажет темір, фолий қышқылы және дәрумендерді ұнға қосу тиімді.
Фортификация – өнімді ұнтақтау кезінде дәрумендер мен минералдардың аз мөлшерде қосылуы, бұл азықтың сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Фортификацияның процессі кезінде жоғарғы және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтер тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органалептикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды ұн сатып алу кезінде оның фортификацияланғанына назар аудару қажеттігін еске салады. Себебі ағзаға қажетті дәрумен-минералдармен байытылған тағам түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: