Сенбі, 21 желтоқсан, 20:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шиелі ауданында МӘМС-да тұрғындардың 73% – ы сақтандырылған

13.03.2023

335 0

Кім тегін ЭКҰ-ға үміткер бола алады, қайда жүгінуге болады? МӘМС жүйесінде жеңілдік санаты ретінде мәртебесін қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға Шиелі ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының мамандары жауап берді.

Шиелі ауданында МӘМС жүйесінде 10 650 тұрғын сақтандырылмаған. Ауданда барлығы 39 427 адам тұрады, халықтың 73% – ы сақтандырылған.

Ауданның 23 ауылдық округінің қатарында сақтандырылған азаматтар санының өсуі байқалады. Бұл, ең алдымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары туралы халықтың хабардар болуының артуына байланысты, деп атап өтті ӘМСҚ-ның облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов. Сонымен қатар, МӘМС медициналық қызметтері, оның ішінде қымбат қызметтер 15 жеңілдікті санаттағы азаматтарға қолжетімді (https://fms.kz/kz/o-medstrakhovanii/infografika/31374/). Олар үшін мемлекет ай сайын жарна төлейді.

МӘМС жүйесінде жеңілдік санаты ретінде сақтандыру мәртебесіне қалай ие болуға болады?, – деп сұрайды ауыл тұрғындары. Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, егер сіз 15 жеңілдік санатының біріне жатсаңыз, бірақ МӘМС-да сақтандырылмаған болсаңыз, Халыққа қызмет көрсету орталығына растайтын құжаттарды тапсыру қажет. Ақпарат мемлекеттік органдарға жіберілгеннен кейін ғана сізге «сақтандырылған» мәртебесі беріледі.

Сондай-ақ, кездесуде аудан тұрғындары ЭКҰ қолжетімділігі туралы сұрақтарымен жүгінді. Спикердің ақпараты бойынша, ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Жылына бір рет МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады. МӘМС жүйесінде ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын өңірде ЭКҰ рәсіміне 300-жүзге дейін квота бөлінеді. Қосымша сұрақтар үшін тұрғылықты жері бойынша емхана жанындағы Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметіне хабарласуға болады.

Егер мәселе шешілмеген болса, сіз әрқашан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және Saqtandyry-Bot мобильді қосымшасы.

Айгүл Аханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: