Дүйсенбі, 25 қараша, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сүт өнімдерін сатып аларда неге мән беру керек?

25.08.2023

640 0

Сүт өнімдері бүгінгі күні әрбір тұтынушы жиі сатып алатын тағам өнімі. Тұтыншы өзі сатып алатын өнім туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы.

Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында таңбалау арқылы көрсетілуі тиіс. Таңбалауда болуы тиіс ақпарат Кеден Одағының «Тағам өнімдерін таңбалау бөлігі» 022/2011 техникалық регламентінің  талаптарында көрсетілген.  

Біз күнделікті тұтынатын сүт өнімдерін де таңдау тәртібі бар.

Сүт өнімі – теңдесі жоқ аса құнды тамақ өнімі. Сүт өнімдерінің құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Сүт өнімінің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлік пен керемет үндесіп, тағамның биологиялық құндылығын көтереді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сүт өнімдерін таңдау бойынша бірқатар кеңестерді ұсынады:

– сауда орындарынан сүт өнімдерін сатып алмас бұрын шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз;

– сүт өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз;

-өнімді таңдағанда әрқашан қаптаманың тұтастығына, бүтіндігіне назар аударыңыз;

– егер қаптама тұтас болмаса, тауарды сатып алуға болмайды;

– өнімнің таңбалануын мұқият оқып шығыңыз, құрамына мән беріңіз;

– өнімнің сыртқы түрін мұқият тексеріңіз;

– сүт өнімдері тоңазытқышта сақталмаса, оларды сатып алмаған дұрыс;

-егер өнім туралы ақпарат болмаған жағдайда немесе оқылмайтын, тым ұсақ шрифт пен жазылған болса, өнімді алудан бас тартыңыз.

Әрбір тұтынушы техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған өнімдер туралы ақпаратты сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінен http://reestr-np.kz/kaz/ сілтемесі арқылы көре алады.

Сапалы және табиғи, ең бастысы денсаулығымызға қауіпсіз сүт өнімдерін таңдай білейік!

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: