Меланоманы адамның өзі, кейде тексеру барысында дәрігер байқауы мүмкін. Бірақ оны тек онколог дәрігер ғана растайды. Оларды арнайы аспап – дерматоскоп (эпилюминесцентті микроскоп) жоқ. Оны қолдану барысында онколог терінің үстіңгі қабатының астына үңіліп, күдікті жаңа түзілістің құрылысын үлкейтіп көре алады. Жараға айналу байқалған жағдайда дәрігер жарадан жұғынды алып, оған микроскоп арқылы зерттеу жүргізе алады.
Сонымен қатар тәжірибеде биопсия да қолданылады. Бірақ бұл әдіс аса аса сақтықпен жасалады. Түзілісті жарақаттау қатерлі ісіктің ұлғаюын тудыруы мүмкін. Сондықтан хирург жаңа түзілісті айналасындағы сау терімен бірге алып, ол материалды шұғыл түрде микроскоп арқылы қарайды. Егер диагноз расталса, онда қажет жағдайға қосымша операция жүргізіледі. Сонымен қатар метастаздың бар-жоғын анықтау үшін басқа органдар да тексеріледі. Алғашқы метастаз көрші жатқан лимфа түйінінде байқалатындықтан, міндетті түрде оған биопсия жасалады.
Меланома профилактикасының негізгі және маңызды әдісі – күннен қорғану. Тіпті бала кезде күн көзіне бір рет қатты күйіп қалудың өзі тері меланомасының пайда болу қаупін арттырады. Сондықтан күндіз күн көзінде ұзақ уақыт жүрмеу, солярийге жиі бармаған жөн. Бұл ретте күн сәулесіне қарсы кремдер мен майларды жағып жүрген абзал. Сондай-ақ аталған косметикалық бұйымдардың А ультракүлгінінен (УКА) және В ультракүлгінінен қорғайтынына және күннен қорғайтын факторы (SPF) 15-тен төмен емес екеніне көз жеткізу керек. Жағажайда мұндай майларды әрбір екі сағат сайын, балаларға одан да жиі қайталап жағу керек. Ал қалалық жерлерде күнге қарсы кремді дәл үйден шығарда емес, күн көзіне шығардан 15-20 минут бұрын жағу қажет.
Жамила Таджимбетова
№6 Қызылорда қалалық емханасының онколог мейірбикесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!