Бейсенбі, 09 мамыр, 07:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Маман кеңесі: қауіпсіз ойыншықтарды қалай таңдау керек?

01.03.2024

332 0

Әр отбасының бақыты – балалар үшін ойыншықтардың маңызы зор.

Сол себепті ойыншықты сатып аларда саналылық білдіріп, жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Сондықтан бала саулығын, саламаттылығын қамтамасыз ету үшін қауіпсіз ойыншықтарды таңдау жолдарын  білген дұрыс.

Елімізде балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі Кедендік одақтың 008/2011 «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен реттеледі. Дәл осы құжат балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігін қаматамасыз ететін бірқатар талаптарды белгілейді, өйткені ойыншық оны қолданған кезде баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтіндей  болып жасалуы қажет.

      Ойыншықты таңдау кезінде ең алдымен қамтамасына назар аудару керек. Онда  ойыншықтың атауы, ойыншық жасалған мемлекет, өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері, ойыншық арналған баланың жасы, техникалық регламентке сәйкестігі, тұтыну қасиеттері туралы ақпарат, өндірілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары көрсетіледі. Яғни, ойыншықтың қамтамасындағы жазулар өнім туралы толық ақпарат беруі тиіс.

      Сонымен қатар ойыншықтардың қорғаныс жабындысы  ылғалды өңдеуге, сілекей мен терінің әсеріне тұрақты болуы міндетті. Бұдан кейін ойыншықтың иісіне жете мән беру керек, бұл арқылы оның сапасын жанама түрде байқауға болады. Ойыншықтарды өткір, жағымсыз, бөтен иісі және ойыншықтың боялған бетінің беріктігін тексеру керек, ұстағаннан кейін қолда қалып қойған бояуда оның сапасының күмәнді екендігін білдіреді.Ойыншықтың жиектері, өткір ұштары, қатты бөлшектері, бұрыштары, бекіткіштері балаға зақым келтіру қаупін тудырмауы керек.   Ойыншықтардың үшкір бұрыштары мен қисық шеттері бояуы немесе лак заттардың түскенін көрсеңіз, ондай ойыншықтарды алмағаныңыз жөн.

     Қазақстанның сауда нүктелерінде сатылатын ойыншықтарда өндіруші мемлекетіне қарамастан, жүргізілген зерттеулерге негізделген сәйкестік сертификаты, яғни олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болуы шарт. Сәйкестік сертификаттары бүкіл Кеден одағында жарамды болып табылады. Есіңізде болсын, тұтынушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжатты (сәйкестік сертификатын) талап етуге құқылы.

Сауда айналымындағы ойыншықтардың қауіпсіздігіне Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында  2023 жылы сауда орындарынан  Қытай Халық Республикасының және Өзбекстан Республикасының 28 ойыншық үлгісі сатып алынып, зертханалық сараптамалар жүргізілді. Нәтижесінде, барлық үлгіден сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, барлығы таңбалануы бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді, яғни жоғарыда атап өткендей, өндірушінің атауы, сақтау шарттары, жас ерекшеліктері көрсетілмеген.Бұл туралы мәліметтер тұтынушыға қолжетімді болу үшін Сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: