Дүйсенбі, 04 қараша, 06:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Ақмарал Әлназарова: негізгі мақсат – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету

04.05.2024

326 0

Медицина саласы – адам өмірімен тікелей байланысты болғандықтан аса жауапкершілік пен қатаң талапты қажет етеді. Бұл ретте Сыр медицинасы заман ағымына сай дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңашыл жаңалықтарымен елді қуантуда. Жыл сайын өңірде денсаулық сақтау ұйымдарының саны да артып келеді. Тиісінше, бұл облыс тұрғындарының қажетті медициналық көмекпен қамтылуына мүмкіндік сыйлайды. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келіп, аймақтың медициналық жағдайымен таныс болған еді. Осыған байланысты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына министр БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізіп, өзекті сауалдарына жауап берді.

-Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауылдық елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыру жобасы қолға алынған болатын. Бұдан бөлек, медицина саласында көрсетілетін қызметтер мен Мәмс жүйесін жүйелендіру аясы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты біздің министрлік облыстардағы медицина саласының әлеуетін арттыруды және Ұлттық бағдарламалардың тиімділігін жүзеге асыруды оңтайландыруда. Біздің саладағы ең өзекті мәселелердің бірі – медицина саласының мамандарының жетіспеушілігі. Қазіргі таңда Қызылорда облысының өзінде 150-ден астам дәрігер маман жетіспейді. Осыған сәйкес, медициналық оқу орындарының ректорларымен бірлесіп, облыс әкімдігі және облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қолдауы арқасында білім алып жатқан студенттердің өңірлерге келіп жұмыс істеуіне мол мүмкіндік сыйлауда. Тағы бір өзекті мәселе – елімізде жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын азаматтардың көбеюі. Сондықтан да аталған аурудың алдын алу және азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту бағытындағы тиісті жұмыстар қолға алынды. Бүгінгі жұмыс сапарының негізгі мақсаты – өңірдегі денсаулық сақтау саласының жұмысымен танысу және осындағы халықпен кездесу. Жалпы соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласына қатысты халықтан келіп түсетін арыз-шағымдар еселеп артқан. Осы себепті осы арыз-шағымдарға тиісті сараптама жасалып, себептері анықталды. Нәтижесінде, халықтан келетін арыз-шағымның басым көпшілігі – емханалардың қызметіне қатысты болып отыр. Бұдан бөлек, жолдама алудағы қиындықтар, медициналық көмекпен қамтылудағы тексерістердің ұзақтағы тағы бар. Осы аталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге жұмыс жасаудамыз. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласындағы бірқатар заңдарға өзгеріс енгізу басталып кетті, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрі қаладағы көпсалалы аурухана жұмысымен танысып, әрі қарай облыс тұрғындарымен кездесетін болады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: