Жұма, 27 желтоқсан, 06:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Туберкулез бойынша сырқаттану көрсеткіші төмендеді

21.12.2023

605 0

Облыс көлемінде 2023 жылдың 11 айында туберкулез ауруының 372 жаңа жағдайы тіркелді. Туберкулез ауруының 89% – өкпе туберкулезін, оның ішінде 35% – туберкулездің жұқпалы түрін құрады. 2022 жылдың 11 айымен салыстырғанда  туберкулездің тіркелуі 20 жағдайға, өкпе туберкулезі 5 жағдайға,  ал туберкулездің бактерия бөлетін түрі 26 жағдайға төмендеген.

Туберкулез ауруының 14 жасқа дейінгі балалар арасында 27 жағдайы, жасөспірімдер арасында-26 жағдай тіркелді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бір деңгейде қалыптасты.

Туберкулез ошағындағы 4145 қарым-қатынастағы тұрғындар есепке алынып, медициналық бақылау орнатылып, тиісті зерттеп-тексеруден өткен.

Есепті мерзімде облыс бойынша дүниеге келген 17 269 сәбидің 16 750-і туберкулезге қарсы вакцинациядан өтті, қалған 519 сәби медициналық қарсы көрсетілімдеріне байланысты екпеден уақытша шеттетілген. Облыс бойынша 6-7 жас аралығындағы 2106 балаға туберкулезге қарсы ревакцинация жасалды.

Туберкулез – жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – науқас адам. Көбінесе туберкулез ауа тамшылары арқылы таралады.

Негізгі белгілері: екі аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі, кеуденің шаншуы, ентігу, жүдеу, тәбеттің жоғалуы, түнде тершеңдік, әлсіздік, тез шаршау.

Алдын алу:

– өмірдің 3-5 күнінде жасалатын жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау;

– науқастарды ерте анықтауды ұйымдастыру, ол тәуекел тобындағы балаларға жыл сайынғы туберкулин диагностикасын және ересектер арасында флюорографиялық тексеруді жүргізу кезінде жасалады;

– рационалды және уақтылы тамақтану;

– темекі шегуден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту;

– дұрыс еңбек режимін сақтау;

– салауатты өмір салтын ұстану.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: