Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Туберкулездің жұқпалы түрі балалар мен жасөспірімдер арасында тіркелген жоқ

15.03.2023

998 0

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында туберкулез ауруының 76 жағдайы орын алды. Есепті мерзімде 2022 жылдың осы мерзхімімен салыстырғанда туберкулезінің жұқпалы түрі 39-дан 22 жағдайға төмендеген. Туберкулездің жұқпалы түрі балалар мен жасөспірімдер арасында тіркелген жоқ. Індетке шалдыққандардың 65%-і әлеуметтік белсенді топтар, яғни 18-64 жас аралығындағы тұрғындар.
Өткен жылы 407 адам осы індетке шалдықты, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 49,9‰ құрады. Науқастардың 86%-нда тыныс алу жолдарының туберкулезі анықталды. Аудан, қала кесімінде айтар болсақ, сырқаттанушылық деңгейі Жалағаш ауданында бір деңгейде қалыптасса, қалған өңірлердің барлығында эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болды. Эпидемиологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей, туберкулезге шалдығу деректері көбірек жұмыссыздар және зейнеткерлер арасында тіркелді.
Облыс бойынша перзентханада нәрестелерді аурудың осы түріне қарсы БЦЖ вакцинасымен егу көрсеткіші 97,2% құрады. 348 бала медициналық қарсы көрсетілімдеріне байланысты екпе алу кейінге шегерілді.
Облыста амбулаториялық емде жүрген туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсету қолға алынған. Себебі ем-домды үзбей алу оның нәтижелілігін арттырады және қарым-қатынастағы адамдарға, әсіресе әлжуаз топтағы адамдардың жұқтыру қауіпін сейілтеді, сонымен қатар туберкулез бойынша эпидемиялық ахуалды тұрақтандыруға ықпал етеді. Қызылорда облыстық маслихаттың шешімімен 2022 жылы – 1197 науқасқа қаржы бөлінді. Сәйкесінше ауруға шалдыққандардың емді бұзу, үзу көрсеткіштері төмендеді.
Аурудың асқыну себептері ауыру қаупі жоғары «тәуекел» топтағы контингенттердің уақытылы флюрографиялық тексерілмеуі, ауру клиникасы пайда болғанымен тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгіну салдарынан болуы ықтимал. Туберкулез ошақтарына, қарым-қатынастағыларға эпидемиологиялық бақылау, зерттеу, ауру көзін анықтау шаралары медицина ұйымдары мамандарымен бірлесіп жүргізілуде.
Ауа барлық адамға ортақ болғандықтан туберкулез бактериясын жұқтырудан ешкім қорғалмаған. Әсiресе балалар мен егде жастағылар үшiн өте қауiптi. Туберкулезбен ауыратын адаммен жақын қарым-қатынас жиi, әрi ұзақ болса, түрлi себептермен ағзаның қорғаныш күшi әлсірегенде туберкулез таяқшалары белсендiлiк танытып, аталмыш аурудың қозуына себепшi болады.
Бүгiнде ауру ерте анықталып, емдеу шаралары уақытылы жасалған жағдайда туберкулезден толық сауығып шығу мүмкіндігі дәлелденген.
Туберкулездің алдын алудың тиімді әдісі – профилактикалық медициналық тексеруден  өту. Туберкулез рентгенологиялық әдіспен анықталады, яғни кеуде қуысын  флюорорграфиялық және рентгенологиялық тексеруден өткізу. Флюрадан өту тұрғындар арасында оптималды деңгейде. Ал балалар арасында туберкулезді анықтаудың маңызды әдісі-туберкулин сынамасын қою. Туберкулин  диагностикасы  12 айдан бастап 14 жасқа жеткен тәуекел тобындағы балаларға Манту сынамасын қою арқылы жүргзіледі. Манту сынамасын бұрынғы  қойылған сынамалардың  нәтижесіне қарамастан жылына бір рет қояды. Ол БЦЖ вакцинасын егу мен қайта егу  контингентін іріктеу мақсатында жасалады. Балалар үшін БЦЖ вакцинасын егу ең алдымен туберкулез менингиті,  ауыр түрдегі аурулардың таралуынан қорғайды. Алғашқы екпені жаңа туылған бала перзентханада 0-4 күн ішінде  алады. БЦЖ ревакцинациясы тек дені сау,  қойылған Манту сынамасы теріс болған 6-7 жастағы балаларға жүргізіледі.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: