Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірімдер мен балаларда жіті респираторлы вирусты инфекциялардың қалай алдын алуға болады?

12.10.2023

789 0

Эпидемияға дейінгі маусымда ата-аналар үшін жіті респираторлық вирустық аурулар (ЖРВИ) және тұмаумен сырқаттану бойынша балалардың денсаулығын сақтау және олардың иммунитетін нығайту мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып табылады.

Баланы ЖРВИ мен тұмаудан қорғау үшін ата аналар келесі ұсыныстарды орындауы керек:

– бала бойының тоңуына жол бермей, таза ауада күнделікті серуендеуді ұйымдастыру;

– баланың суық тию белгілері бар адамдармен байланысын шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше көп бармау;

– баланы ауа-райына қарай киіндіріңіз; 

– бала орналасқан үй-жайларда үнемі желдету және ылғалды тазалау қажет;

– баланың тамақтану рационына А, С және Е дәрумендеріне бай тағамдарды енгізу керек, тамақтануы теңдестірілген және ұтымды болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Дене салмағының жетіспеушілігі немесе артық салмағы бар баланың денесі метаболизм процестерін қалыпқа келтіруге тым көп күш жұмсайды, сондықтан патогендермен кездескенде толық иммундық жауап қалыптастыра алмайды. Тамақтануы бұзылған балалардың ауырып қалуы әлдеқайда оңай;

– баланы тамақтанар алдында, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ жалпы мақсаттағы заттарды қолданғаннан кейін қолын мұқият жууға, таңертеңгі гимнастика мен салқын сумен сүртуге, дене шынықтырумен айналысуға үйрету керек.

Жоғарыда аталған алдын алу шараларын сақтау баланы ЖРВИ және тұмау ауруларынан, сондай-ақ олардың қолайсыз салдарларынан қорғайды.

Ата-аналар, аурудың алғашқы белгілерінде (дене температурасының 37,5-38°С дейін көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, мұрынның бітелуі, мұрынның ағуы, жөтел және т. б.) баланың ұйымдасқан ұжымға (мектепке дейінгі балалар ұйымы, мектеп, қосымша білім беру ұйымы (секциялар, үйірмелер және т. б.) баруын болдырмау және дереу дәрігерге хабарласу керек екенін ұмытпаңыз!

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: