Жұма, 22 қараша, 03:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жедел жәрдем жедел қызмет етеді

06.06.2023

609 0

Бүгінде облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының құрамында 4 қалалық, 9 аудандық бөлімше мен оперативті бөлім және медициналық авиация бөлімшесі қызмет етеді. Өңірде соңғы 5 ай көлемінде 103 қызметіне түскен шақыртулар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға өскен. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов хабарлады.

– Қазіргі таңда облыстық жедел жәрдем орталығы медициналық құрал-жабдықтармен және санитар­лық автокөліктермен толықтай жаб­дықталған. Жедел жәрдем көме­гіне жүгіну үшін азаматтар 103 байланыс нөміріне немесе мобильдік қосымшаларды пайдалана отырып, тиісті мекенжайға шақырта алады. Орталық шақырту алған сәттен бастап жедел іріктеу жүргізіп, науқастың ауру белгілеріне қарай дәрігер мамандар­ды дереу жібереді. Ал ауылдық елді мекендерде жедел жәрдем шақырту қажеттілігі туындаса, оны аудандық кіші жедел жәрдем станциясы ұйым­дастыруы керек. Яғни олар жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық авто­көліктерді дер кезінде шақырған жерге жеткізуі тиіс. Жалпы жедел жәрдем орталығы шақыртуды қабылдаған сәттен бастап науқасқа 10-60 минут аралығында жетуі тиіс, – деді басқарма басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.

– 2016 жылдан бері жедел жәрдем қызметін оңтайландыру мақсатында пилоттық жоба сәтті жүзеге асып келеді. Біздің орталықта жалпы саны мыңға жуық медицина саласының маманы жұмыс істейді. Осы жылдың 5 айында жедел жәрдем қызметіне жүгінгендер саны 1,0 пайызға өскен. Дегенмен медициналық авиация көмегіне жүгінушілер саны 14,8 пайыз­ға азайып отыр. Бүгінде жедел медициналық жәрдем қызметі облыс халқына сапалы медициналық көмек көрсету үшін озық тәжірибелерді ұтымды пайдаланып келеді, – деді облыстық медициналық жедел жәр­дем стансасы бас дәрігерінің меди­цина ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Нұрсейітова.

«Ақмешіт ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: