Жұма, 03 мамыр, 07:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

13 жыл бұрын қылмыс әлемінің серкесін өлтіргендер ұсталды

14.12.2023

572 0

2010 жылы Қырғызстандағы қылмыс әлемінің серкесі Мақсат Қарасартовты көлікте отырған жерінде атып кеткен күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz 

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2010 жылы 12 сәуірде сағат 14.00-де Бішкекте «Мерседес-Бенц» автокөлігінде отырған белгісіз біреулер Мақсат Қарасартов отырған «Мазда 626» автокөлігінің жанына тоқтап, атып кеткен. Артынша қылмыскерлер оқиға орнынан қашып кеткен болатын.  

Қылмыс әлемінің серкесі Мақсат Қарасартов оқиға орнында мерт болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген болатын. 

ІІМ мәліметінше, бүгінде бұл іске қатысы бар күдіктілер ұсталған. Ол «Протез» деген лақап аты бар Шу облысының тұрғыны болып шыққан. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған. Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыс тобында болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.   

Күдікті тағы да ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Ол Шолпан-Ата тұрғыны Кубанычбек Коноевты өлтірген болуы мүмкін. 

Екінші күдікті де Шу облысының тұрғыны. ІІМ жедел есебінде қылмыстық топ мүшесі ретінде тұрған. 

Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: