Жексенбі, 28 сәуiр, 18:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Археологтар 476 мың жыл бұрын салынған үй қалдығын тапқан

22.09.2023

673 0

Фото: Midjourney

Замбияда археологтар көне ағаштан жасалған үй құрылысының қалдықтарын тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nature журналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританиядан келген археологтар Танганьика көлінің шығыс жағалауынан тапқан құрылыс шамамен 476 мың жыл бұрын салынған.

Ливерпуль университеті мен Абериствейт университетінің сарапшылары аман қалған құрылымды талдай келе «ежелгі адамдар үйге жүк көтергіш ретінде екі үлкен бөренелерді әдейі біріктірген» деген қорытындыға келді. Ал палеолит дәуірінде ағаш тек от жағу және қарапайым құралдар жасау үшін пайдаланылған.

Археологтар көне жәдігерлердің нақты жасын өлшеп, ежелгі платформаның 476 мың жыл бұрын салынғанын анықтады.

Бұл, адамзат тарихындағы ең көне құрылыс. Сонымен қатар ата-бабаларымыздың ағашты күнделікті өмірде пайдалануының ең көне үлгілерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, Каламбо сарқырамасының бөренелері 1991 жылы Израильдегі Гешер Бенот Яков алаңында табылған 780 000 жылдық жылтыратылған ағаш сынығынан кейінгі екінші орында.
 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: