Жексенбі, 23 маусым, 07:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Ер адам баласының жынысын білу үшін әйелінің ішін орақпен кесіп тастаған

30.05.2024

333 0

Сурет: pixabay.com

Үндістандық азамат сегіз айлық жүкті әйелінің ішін кесіп тастап қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Үндістанның Бадаюн қаласында болған. 22 жыл бірге отасқан ерлі-зайыптылардың бес қызы болғанымен, ер адам ұлды қалаған. Мұрагердің болмауы жиі ұрыс-керіске әкеп соққан.

Оқиға болған күні ерлі-зайыптылардың арасында да баланың жынысына байланысты жанжал туындаған. Бір кезде отағасы әйеліне орақпен шабуылдап, қарсылық көрсеткеніне қарамастан, оның ішін кесіп алады.

Бұдан кейін әйел көшеге жүгіріп шыққан, оны дүкенде жұмыс істейтін ағасы көрген. Ер адам туысын ауруханаға жеткізген, ал күйеуі оқиға орнынан қашып кеткен. Дәрігерлер әйелге барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Жәбірленушінің күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сотта Үндістан азаматы жарақаттың өзіне әйелі себеп болғанын алға тартты. Алайда сот әйелдің жағына шығып, ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: