Apple компаниясына соңғы смартфон үлгісі – iPhone 16 сатуға тыйым салынды. Бұл жағдай Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі экономикасы бар Индонезия қаласында болуда. Компанияның Индонезиядағы бөлімшесі ішкі компоненттер деңгейіндегі сертификат талаптарын орындамаған. Себебі бұл талаптар жергілікті өндірістің 40 пайызын қамтамасыз етуді міндеттейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Индонезияның өнеркәсіп министрлігінің дерегінше, Apple компаниясының елде жергілікті өндірісі жоқ. Сәуір айында компанияның бас директоры Тим Кук өндірісті нарыққа енгізу ниеті бар екенін айтқанымен ол әлі жүзеге аспаған.
Jakarta Tribunenews басылымының жазуынша, жергілікті өндіріс үлесін инвестициялар мен Индонезиядан алынған шикізаттарды қолдану арқылы қамтамасыз етуге болады.
Индонезияның өнеркәсіп министрлігінің өкілі Фебри Хебри Антони Арифтің айтуынша, ведомство халықтан елге жеке тәртіппен әкелінген мобильді телефондарды сататын адамдар туралы хабарлауды сұрайды. Apple компаниясы жергілікті өндіріс орнын салудың орнына, әзірлеушілер академиясын құрып жатыр.
Индонезияның экономикасы шамамен 1 триллион долларға бағаланады, ал елдегі белсенді мобильді телефондардың саны 350 миллионнан асады. Бұл 270 миллион халқы бар елдің тұрғындар санынан 29% артық. Министрлік бүгінде Индонезияға шамамен 9 мың iPhone 16 жеткізілгенін мәлімдеді. Оларды жолаушылар немесе экипаж мүшелері алып келген немесе пошта арқылы жіберілген. Алайда бұл құрылғылар тек жеке қолдануға рұқсат етілген және сатуға шығарылмауға тиіс.
Қыркүйек айының басында Apple-дің жаңа смартфондары – iPhone 16-ны таныстырды. Серияға төрт модель кіреді. Смартфондар алюминий мен титаннан жасалған. iPhone 16 диагоналі – 6,1 дюйм, iPhone 16 Plus – 6,7 дюйм, iPhone 16 Pro – 6,3 дюйм, ал iPhone 16 Pro Max – 6,9 дюйм.
2024 жылғы 25 қазандағы сауда жабылған кезде АҚШ-тың NASDAQ биржасында Apple акцияларының бағасы 231,41 долларға (+0,36%) жетті. Саудадан кейінгі кезеңде ол 0,24% төмендеп, 230,86 долларға тиесілі.
Маусым айының ортасында Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Apple компаниясы Қазақстанда тұтынушылық нарықты зерттегеннен кейін кеңсе ашатынын айтты. Оның айтуынша, бұл Astana Hub базасында Apple Training Center зертханасы бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін жүзеге асады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!