Жексенбі, 24 қараша, 00:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мектеп психологы бастауыш сынып оқушыларының жыныс мүшесін ұстаған

16.08.2023

696 0

Ташкент мектептерінің бірінде бастауыш сынып оқушыларына тиісті деген күдікке ілінген мектеп психологына сабақ беруге тыйым салынды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Nemolchi.Uz зорлық-зомбылыққа қарсы жобасының мәліметі бойынша Ташкент қалалық қылмыстық сотының апелляциялық сатысы мектеп психологына шығарылған алдыңғы сатыдағы шешімнің күшін жойды.

Айта кетейік, былтыр сәуірде ата-аналар Ташкент мектептерінің бірінің психологын бастауыш сынып оқушыларына азғындық жасады деп айыптағаны еді. Ол балалардың жыныс мүшелерін сипап, оқушыларға интим суреттер көрсеткен, тіпті сүюге тырысқан.

Психолог сол кезде педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда 3 айдан кейін оның жазасы түзету жұмыстарына ауыстырды, мамырда олардан толық босатылды. Сонымен қатар, оған педагогикалық қызметпен айналысу құқығы қайтарылды.

Осылайша, Ташкентте бұл іс бойынша ашық отырыс өтті. Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, бірінші сатыдағы сот мерзімінен бұрын шешім қабылдап, психологтың өтінішін қанағаттандырды деген қорытындыға келген. Сондықтан бұрынғы сот шешімі жойылып, оны бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберген. Енді психологтың мектептегі қызметіне тыйым салынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: