Жұма, 03 мамыр, 03:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдардың тізімінен алып тастамақ

29.12.2023

432 0

Қазақстан билігі Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы

ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

“Қазақстан тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі тексеру жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес Талибанды алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, Талибан БҰҰ қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді”, – деді Смадияров.

Айтуынша, Қазақстан қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ бас ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанады.

«Талибан» қозғалысы 1986-87 жылдары басталған. Әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған террористік ұйым деп танылды. «Талибан» Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарды. 2021 жылы америкалық әскерлер елден шығарылғаннан кейін қозғалыс билікке қайта оралды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: