Дүйсенбі, 25 қараша, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қытайда жұмыссыздық артқан

22.08.2023

437 0

Экономикалық әлеуетін арттырған Қытай­дың олқылығы жоқтай көрінетіні рас. Себебі, «аспанасты елінде» ғаламдық кәсіпорындардың басым бөлігі орналасқан, кәсіпке мүмкіндік мол, жұмыс күшіне сұраныс жетерлік. Дегенмен, саяси ахуал салдары осы мінсіз тізбекті сетінеткендей. Олай дейтінміз, соңғы уақытта Қытай жастарының жұмыссыздық көрсеткіші едәуір артқан. Тіпті ел үкіметі бұл бағыттағы статистиканы жариялауды да тоқтатты. Бұған қарап жағдай ушыға түскенін сезуге болады.

Иә, әлемдік БАҚ-тың өткен аптадағы басты тақырыбы Қытай жастарының жұмыссыздық деңгейіне арналды. Қолда бар дереккөз бен ресми мекемелердің мәліметтері желіні шулатқаны белгілі. Солардың ішінде «The Wall Street Journal» басылымының сенбілік санына ерекше тоқталу жөн секілді. Әсіресе, басылым тілшісі Джейсон Дуглас «Қытай деректерді жасыруда» деген атаумен мақала әзірледі. Онда жұмыссыздық туралы соңғы көрсет­кіш, шенеуніктер пікірі қамтылған.

«Жуырда Қытайдың Ұлттық статистика бюросы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі туралы ақпаратты жариялауды тоқта­татынын мәлімдеді. Мұның алдында ғана аталған көрсеткіш рекордтық деңгейге жеткен болатын. Жастар арасындағы жұмыссыздық тоқтаусыз өсіп, 7 ай бойы ауыздықсыз келеді. Мәселен, биыл 16-24 жас аралығындағы қала жастарының жұмыссыздық деңгейі 21,3 процентке жетті. Соңғы 4 жыл ішінде жұмыссыздық деңгейі екі есеге жеткен болатын. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Есте болса, қаңтар айында статистика 17,3 процент еді. Ал шілде айының көрсеткіші одан да жоғары болуы ықтимал. Дегенмен Үкімет тиісті есепті жариялаудан қашқақтауда», – дейді мақала авторы.

Автор құр болжам мен ел арасындағы деректі ғана келтіріп қоймай, бюро басшысы Фу Линхуэйдің пікірін де қосыпты. Онда жастардың жұмыссыздық деңгейі туралы жасыру экономикалық және қоғамдық өзгеріс үшін қажет деп көрсетілген. Саясаткерлердің пікірінше, бұл – кемшілікті жасыру жолы. Есте болса, бұған дейін пандемия кезінде ҚХР қаза болғандардың дерегін жасыратын. Әскери техника, технологиялық көрсеткіш те аратұра күңгірт-тін. Алайда экономикалық, әлеуметтік көрсеткішті жасыру алғаш кездесуде. Бұл инвесторлардың экономика алпауытына деген сенім лимитіне әсер етуі мүмкін.

«Бұл бағытта түсініксіз әрекет көп. Мысалы, жақында Қытай Орталық банкі екі проценттік ставканы түсірді. Бұған өткен айдағы тұтынушылар шығыны мен кәсіпкерлердің табысының азайғаны себеп болған. Өндіріс саласында да өнім деңгейі төмендеп, экономикалық қиындық сезіледі.

Жалпы ахуалдың бұлай құбылуы елдегі еңбекке жарамды азаматтардың санына, демографиялық дерекке байланысты секілді. Мәселен, Фу Линхуэйдің өзі ҚХР-да 16 мен 24 жас аралығындағы жастар саны 96 миллион деп айтқан. Олардың басым бөлігі студенттер екен. Бюро басшысының өз сөзіне салсақ, «студенттердің басты міндеті – оқу. Ал оларды жұмысқа қабілетті жастардың қатарына қосу керек пе, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз». Оған қоса шенеуніктер жастардың жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталған жоба әзірлеуде. ҚХР экономикасының үздіксіз жұмыс істеуі үшін тиісті шара қолданылатынын жеткізді», – дейді Джейсон Дуглас.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: