Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тәліптер АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің Ауғанстаннан шығуы керек соңғы мерзімді белгіледі

23.08.2021

1572 0

Талибандар 31 тамыз АҚШ пен Ұлыбритания әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы керек соңғы күн екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы қозғалыстың өкілі Сухейл Шахин айтып берді. 

Оның айтуынша, тәліптер АҚШ пен Ұлыбританияға эвакуацияға қосымша уақыт бермейді. Егер бұл елдер жаздың соңына дейін өз әскерлерін Ауғанстан аумағына шығармаса, салдары ауыр болуы мүмкін. 

«Бұл соңғы күн. Президент Байден 31 тамызда барлық әскери күштерді шығаратынын мәлімдеді. Сондықтан, егер олардың Ауғанстан аумағынан шығарылу уақыты ұзартса, бұл олардың оккупацияны кеңейтіп жатқанын білдіреді. Бұл сенімсіздік тудырады. Нәтижесінде біз де кері жауап береміз», – деді Шахин.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Джо Байденнен американдық әскрлердің Ауғанстаннан шығу уақытын ұзартуды сұрамақшы екенін мәлімдеді. 

Талибан билікке келгеннен кейін Ауғанстандағы жағдай ушығып кетті. Шетелдік қызметкерлер мен шетелдік миссияларда жұмыс істейтін ауғандықтарды эвакуациялау Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ның басқа да елдерінің әскерилерінде орналасқан Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы жүзеге асырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: