Жұма, 27 желтоқсан, 08:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тілмаш тағдыры

24.07.2021

1211 0

«CNN»-ның ресми сайтында Таяу Шығыс ахуалына қатысты жарияланған келесі ақпарат көзі – «Тәліптер тілмашты өлтірді» атты бағдарлама. Санди Сидху, Анна Корен, Хелен Риган секілді арнайы тілшілердің бірлескен бағдарламасында Ауған жеріндегі тілмаштарды өмірі суреттелген. Әсіресе, НАТО мен АҚШ әскеріне көмектесіп, араб, пушту (Ауғанстанның ресми тілі) тілдерінен аудармашы болған азаматтарды бүгінде тәліп­тер тарапынан қуғынға ұшырауда. Лаңкестер билік құрған аумақта бұрын шетел әскеріне көмектескен немесе аудармашы болғандарды жаппай өлтіру үрдісі белең алған. Авторлар содырлардың қолынан қаза  болған тілші Сохейл Пардистің өмірін бағдарламаға өзегіне айналдырған екен.

«Сохейл Пардис ел астанасы Кабулдан Хост аймағында тұратын әпкесіне жолға шықты. Алайда оның көлігін шөл далада тәліптердің блок-бекеті бөгеп, қанды оқиға орын алды. Оқиғаның немен аяқталарын сезген аудармашы блок-бекетке жақындаған шақта жылдамдықты үдетіп, қашып кетпек болған. Куәгерлердің сөзінше, тәліптер оның көлігіне оқ атып өлтіріп, басын кесіп тастаған. Мұндай сорақы қатігездік елдегі өзге тілмаштарды үрейге ұшыратып, қорқыныш қамытын кигізді. Алайда үрей бұрыннан бар еді.

Сохейл Пардис те өлерінен бірнеше күн бұрын досына тәліптердің қоқан-лоққы жасағанын айтқан. Ол өзінің АҚШ әскеріне аудармашы болғанын содырлардың біліп қалғанын айтып, сақтық танытуды тапсырыпты. Бұл әңгіме туралы «CNN» арнасына Сохейлдің досы әрі әріптесі Абдулхак Аюби былай деп жеткізді: «Сохейлге тәліптердің «Тыңшысың, америкалықтардың көзісің. Сендей құдайсызды өлтіреміз, отбасыңды да тірі қалдырмаймыз» дегенін айтқан болатын».

Шетел әскері Ауған жерінен шыққалы тәліптер жауларына көмектескен аудармашылады өлтіруді қолға алды. Бағдарлама авторлары Сохейлді де АҚШ-тың қарулы күшінде жұмыс істеген он мыңдаған аудармашы­ның бір деп көрсеткен. Маусымда «Талибан» радикалды ұйымының өкілдері қарсыласқа болысқан ел азаматтарына қысым жасамайтынын айтқанымен, әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Қазіргі көрініс тек «жазалау» ұранымен өтетін қанды-қасап, кісі өлтіру. Сондықтан Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО әскеріне көмектескен 18 мың аудармашы арнайы иммиграциялық виза (SIV) алуға өтінім беріп, АҚШ-қа қашуға ниет білдіріп отыр.

Сонымен қатар бағдарламада «Ақ үй» билігінің «Одақтас баспана» операциясын («Operation Allies Refuge»-ауд.) қолға алуға көшкені айтылыпты. Жоба бойын­ша соғыс кезінде шетел әскеріне жазбаша және ауыз­ша аударма жасауға көмектесіп, қазір өміріне қауіп төнген мыңдаған тілмашты АҚШ-қа қоныстандыру көзделген.

Байден әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джен Псаки аудармашыларға арнайы виза беру және эвакуациялау шілденің соңғы аптасында жүзеге асатынын мәлімдеді. Оған қоса АҚШ билігі қалған аудармашылардың виза­сы дайын болғанша оларды өзге мемлекетке көшіру мақсатында келіссөз жүргізуде. Сәрсенбіде Пентагон өкілі Джон Карби бірлесе жұмыс істеген өзге ауған азаматтарын тағы қай елдерге көшіруге болатыны жос­парланып жатқанын айтты.

«Алайда аудармашылардың бәрі бірдей көмекке қол жеткізер емес. Мәселен, Ширзад есімді аудармашы виза ала алмай отыр. Оған себеп – АҚШ әскерилерімен жасал­ған келісімшарттағы олқылық. Ширзад америкалық әскери­лермен бірлесе 63 әскери операцияға қатысқан. Бес жыл АҚШ әскері құрамында лингвист болып қызмет атқарып, қауіпті тапсырмалар орындады. Тіпті комиссия назарына Кеджран жазығанда өткен әскери іс-қимылдың суретін де ұсынған. Алайда мұның барлығы виза алуға көмектесе алмаған көрінеді. Ол бізбен сұхбатында не үшін елден кеткісі келетіні туралы: «Егер Ауғанстанда бейбітшілік болса, мен елден кетпес едім. Егер тәліптер соңыма түс­песе, мен ешқашан Отанымнан жырақтамас едім» деді.

Ал «Ақ үйдің» баспасөз хатшысы виза ала алмаған аудармашылар туралы мынадай мәлімдеме жасаған: «Бұрында айтқанымыздай, біз АҚШ әскеріне көмек көрсеткен кім-кімге болмасын қол ұшын созамыз. Себебі олар өзінің ғана емес, отбасының да өмірін қатерге тігіп, жауапкершілігі мол жұмыс атқарды. Түсінікті болу үшін айтайын, АҚШ әскері Ауғанстаннан шыққанан кейін де Кабулда елшілік жұмыс істейді. Елшілік арнайы иммиграциялық виза беруді жалғастыратын болады» деген еді».

Шынымен, қазіргі таңда Ауған жеріндегі тіл­маштардың тағдырына тікелей әсер ететін виза мәселесі жаңа қылмыстың тұтануына әкеп соғуы мүмкін. Журналистер АҚШ-қа аттанатын алғашқы  таптағы аудармашылар саны небары екі жарым мың екенін айтуда. Сондықтан АҚШ үкіметі көмек берген азаматтарды тағдырдың тәлкегіне қалдырмай, дер кезінде әкетпесе, мыңдаған бейбіт тұрғын тәліптердің жауыздығынан жан тапсырары анық.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Ерсін ШАМШАДИН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: