Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Парламент тарады

26.12.2020

994 0

Израильдің саяси ахуалы ауыр кезеңге аяқ бас­ты. Парламент депутаттары жылдық бюджет аясында ымыраға келе алмай, ақыр соңы үкіметті таратумен тынды. Елде қайта сайлау науқаны жүргізу хабарланғалы халықта маза жоқ. Бұл мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси салмағына тікелей әсер ететін шешім болғалы тұр. Оқиға туралы «The Wall Street Journal» басылымы Дов Либер мен Фелиция Шварцтың «Екі жылға жетпей, төртінші сайлау» атты мақаласын жариялап, маңызды ақпаратпен бөлісті.

«Израиль депутаттары 2021 жылға арналған бюджетті нақтылай алмай, үкіметті таратуға мүжбүр болды. Енді кезекті сайлау өткенше елдегі саяси ахуал күрделене түспек. Кнессет спикері Ярив Левин үкімет тарағанын  сейсенбіде ресми мәлімдеді: «Өкінішті, әрине. Бірақ алдағы сайлау израильдіктер үшін ауыр сынақ болғалы тұр. Ендігі қалған амал жағдайды тұрақтандырып, толқусыз, шусыз сайлау науқанын соңына жеткізу ғана. Жыл бойы мемлекет басты қаржылық құжатсыз өмір сүрді. Депутаттардың даулы айқайы, еш нәтиже бермеді» деп өз пікірін білдірді.

Авторлардың пікірінше, елдегі саяси жағдайдың күрт құбылуы жалғыз бюджет мәселесіне тәуелді емес. Ең басты кикілжің қос алыптың текетіресінен пайда болған. Яғни Биньямин Нетаньяху мен Бени Ганц билік үшін таласып, тиісті заңның жүзеге асуына кедергі келдірген. Жақында ғана індетті ауыздықтау үшін біріккен тараптар қазір арасын қайта алшақтатуда. Мақалада Израиль премьер министрі Биньямин Нетаньяхудың оқиғаға қатысты ойы жеткізілген.

« Бұл шешімге мен тәуелді емеспін. Алдын ала айтайын, мен сайлауға қарсымын. Алайда қарсы тарап сайлауды қалайды екен, ол талап орындалу керек. Оған қоса, сайлауда жеңіске жететініме сенімдімін. «Себебі біз демократия жолын ұстанған қоғамда өмір сүреміз».

Бұған дейін Израиль мемлекеті Кнессеттің 23-шақырылымын құру мақсатында үш мәрте сайлау өткізген болатын. Енді, міне, қаншама қаржы мен ресурсты сарқып тағы талаптанбақшы. Не де болса, 2021 жылдың 23 наурызында өтетін келесі сайлау нақты шешімге жетелейтін секілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: