Сейсенбі, 26 қараша, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Түркияда тағы да жер сілкінді

17.02.2023

666 0

Түркиядағы Хатайдың Арсуз ауданында 5,1 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды «Anadolu» агенттігі.

Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару (AFAD) ақпаратына сәйкес, эпицентрі Жерорта теңізінде орналасқан  5,1 балдық жер сілкінісі болды.

Арсуздан 6 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі 9,26 шақырым тереңдікте тіркелген.

Хатайдың губернаторы Рахми Доған Anadolu агенттігінің (AA) тілшісіне олар жер сілкінісінен кейін қандай да бір жағымсыз оқиғалар, соның ішінде ғимараттардың зақымдануы туралы ешқандай хабарлама алмағанын айтты.

«Біздің топтар аумақты сканерлеуді жалғастырып жатыр»,– деді губернатор.

6 ақпанда Түркияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асып кетті. Түркияда 3 қазақстандық қаза тапты.

Айта кетейік, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына алғашқы гуманитарлық көмек жөнелткен болатын.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: