Сейсенбі, 23 сәуiр, 16:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Ыстамбұлда «Teknofest 2023» өтті

02.05.2023

374 0

Түркияның Ыстамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған түрі көпшілікке көрсетілді. Ірі авиациялық шоуға әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Фестивалге отбасымен серуендеп келгендердің де қарасы көп.


Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: