Сейсенбі, 24 ақпан, 12:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Биыл күріш пен мақта егістіктері азаяды

24.02.2026

49 0

Фото: Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін алаңдарға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды KAZINFORM 

— Республиканың оңтүстік өңірлерінде күріш пен мақта сияқты суды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын оңтайландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мысалы, су пайдалану лимитіне сәйкес күріш алаңы 20,2 мың гектарға қысқартылды, — деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, мақтаның егістіктері 162,4 мың гектар болып, оның ішінде тамшылатып суару алаңы 29,8 мың гектарға көбейеді, ал дәстүрлі суару әдістері қолданылатын алаңдар 12 мың гектарға қысқарады.

— Жоғарыда аталған егіс алқаптарының құрылымы ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде өнім алуға мүмкіндік береді. Осы орайда 2026 жылға арналған осы құрылымды және әртараптандыру бойынша жаңа индикаторларды бекіту ұсынылады, — деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: