Әлемдік тау-кен және шикізат нарығының алыбы – Швейцарияның Glencore компаниясы Eurasian Resources Group (ERG) холдингінің 40 пайыздық үлесін сатып алуға ниетті Шахмұрат Мүтәліпке қаржылай қолдау көрсету туралы ұсыныс тастаған. Financial Times басылымының хабарлауынша, бұл келісімнің жалпы құны 1,4 миллиард долларды құрайды, – деп хабарлайды kursiv.media
800 млн долларды алдын ала төлейді
Швейцариялық алпауыт компания бұл мәмлені жүзеге асыру үшін 800 миллион доллар көлемінде алдын ала төлем (pre-payment) жасауды ұсынып отыр. Бұл қаражат болашақта жеткізілетін феррохром өніміне кепілдік ретінде берілмек7
Мүталіп ERG-дің негізін қалаған үш отбасының екеуі: Шодиевтер мен Машкевичтерге тиесілі (әрқайсысында шамамен 20%-дан) жиынтық үлесті сатып алуды көздеп отырған көрінеді.
Айта кетсек, ERG-ді (бұрынғы ENRC) 1990 жылдары Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мемлекеттік тау-кен активтерін жекешелендірген Патох Шодиев, Александр Машкевич және Әлижан Ибрагимов құрған.
Қазіргі таңда компанияда 67 мың адам жұмыс істейді, ал оның активтері Орталық Азиядағы алюминий мен темір кен орындарынан бастап, Конго Демократиялық Республикасындағы кобальт пен мыс өндірісіне дейін қамтиды.
Шахмұраттың ұсынысы қазіргі уақытта ERG-дің директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры, марқұм Әлижан Ибрагимовтың ұлы Шухрат Ибрагимовтың ұсынысынан басым түсіп тұр. Мәліметтерге қарағанда, Ш. Ибрагимов бұл мәмлені қаржыландыру көзін табуда қиындықтарға тап болған.
Дегенмен, кез келген түпкілікті келісім үшін акционер-отбасылардың барлығының келісімі және компанияның 40 пайыздық үлесіне иелік ететін Қазақстан үкіметінің мақұлдауы қажет.
«Қазцинк» және стратегиялық қызығушылық
Бұл келіссөздер тек ERG үлесімен ғана шектелмейді. Glencore мен Мүтәліп кәсіпкердің тағы бір ірі активті — Glencore-ға тиесілі «Қазцинктің» 70 пайыздық үлесін сатып алу ниетін де талқыланып жатыр. Бұл активтің құны шамамен 3,5 миллиард долларға бағаланып отыр.
Glencore компаниясының ERG активтеріне, әсіресе оның феррохром өндірісіне деген қызығушылығы бұрыннан белгілі.
Солтүстік алпауыт тіпті 2011 жылы холдингті 12 миллиард фунт стерлингке толық сатып алу мүмкіндігін қарастырған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Қытай мен Оңтүстік Африкадан кейінгі әлемдегі ең ірі жоғары көміртекті феррохром өндірушілердің бірі болып табылады.
Бұған дейін ERG компаниясы өз акционерлерінің 40 пайыз акциясын сатып жатқанын жоққа шығарған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
