Жұма, 29 наурыз, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан нан бағасы бойынша ең арзан 5 елдің қатарына енді

02.03.2023

1180 0

Сурет: pixabay

Қазақстанда нан бағасы бір жылда 19 пайызға өсті. EnergyProm сарапшылары Қазақстандағы және әлемдегі нан бағасы туралы мәліметтер жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшылардың айтуынша, елімізде қаңтарда нан бағасы бір жыл ішінде 19 пайыз өскен. Жоғары сортты ұннан жасалған бидай наны бірден 27,8 пайыз, орташа есеппен келісіне 348 теңгеге дейін қымбаттады. Қара бидайдан жасалған нан бағасы (26,5 пайыз) 435 теңгеге, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан (13,9 пайыз) 196 теңгеге өсті. Айта кету керек, еліміздің барлық өңірінде нан бағасы бірдей болған жоқ. Ең қымбат нан Ұлытау өңірінде (50,8 пайыз), Ақмола (30 пайыз), Маңғыстау (29,2 пайыз) облысында тіркелген. Ең қымбат қара бидай наны Петропавлда сатылған: орташа есеппен 1 келісі 512 теңге. 

Қарағандыда жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы 444 теңгені, Қонаев қаласында 1 келі бірінші сұрыпты нанның орташа құны 329 теңгені құрады. Бұл еліміздегі нанның орташа бағасынан 2 есе көп.

Сарапшылардың анықтағанындай, баға осыншалықты көтерілсе де, Қазақстандағы нан бағасы әлемдік стандарт бойынша ең төменгі бағалардың бірі болып отыр. Осы жылдың 24 ақпанындағы рейтинг бойынша нанның әлемдегі ең төменгі бағасы Тунисте тіркелді: 500 грамм үшін небәрі 0,14 доллар. Бұл рейтингте Қазақстан 0,36 доллар ( шамамен 160 теңге) бағасымен төртінші орында тұр. ТМД елдері ішінде бестікке Өзбекстан кірді, ол Қазақстаннан бір саты төменге жайғасты – мұнда бір бөлке нан 0,37 доллар тұрады. 

Бұл рейтингте Қазақстан 0,36 доллар ( шамамен 160 теңге) бағасымен төртінші орында тұр. ТМД елдері ішінде бестікке Өзбекстан кірді, ол Қазақстаннан бір саты төменге жайғасты – мұнда бір бөлке нан 0,37 доллар тұрады. Әзірбайжан 6 орында (0,39 доллар), Молдова 11 орында (0,43 доллар), Украина 19 орында (0,58 доллар), Ресей 21 орында (0,61 доллар), Беларусь 25 орында (0,64 доллар), Армения 26 орында (0,65 доллар). Әлемдегі ең қымбат нан АҚШ-та: онда 500 грамдық нан үшін шамамен 3,27 доллар төлеуге тура келеді. Швейцария мен Исландия да нан бағасы 3,21 және 2,93 долларды құрады. Айта кету керек, өзіндік талаптары бар, арнайы пішіндегі әлеуметтік нан Қазақстанда сатылады. Ол бірінші сұрыптты бидай ұнынан дайындалып, «кірпіш нан» аталып кеткен нанның бағасы азықтың басқа түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 21 ақпандағы дерек бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы 197 теңгені құрады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: