Дүйсенбі, 23 ақпан, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14 (2226)
21.02.2026
PDF мұрағаты

Қымбатшылық пен әлсіз теңге: 2026 жылы бізді не күтеді

23.02.2026

64 0

Фото: shutterstock

«Еуразиялық даму банкінің» (ЕАДБ) 2026 жылға арналған макроэкономикалық болжамына сәйкес, Қазақстандағы инфляция деңгейі көршілес мемлекеттерден айтарлықтай жоғары болып, 9,7%-ды құрайды. Ал ұлттық валюта бағамы долларына 535 теңгеге дейін қайта арзандауы мүмкін, – деп хабарлайды  kursiv.media

ЕАДБ сарапшыларының пайымдауынша, 2026 жылдың басында қосылған құн салығының (ҚҚС) көтерілуі және «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық қызметтердің қымбаттауы бағаның шарықтауына тікелей әсер етеді.

Бұл факторлар инфляцияның төмендеуін тежеп, оны Ресей (5,5%), Армения (3,3%) және Өзбекстанға (6,7%) қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде қалдырмақ.

Салық жүктемесінің артуы бюджет кірісін толтырғанымен, тауар өндірушілердің шығынын көбейтіп, ақыр соңында қарапайым тұтынушының қалтасына салмақ салады және халықтың нақты табысының өсуін баяулатады.

Экономикалық өсімге келсек, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,5% деңгейінде өседі деп болжанғанымен, бұл көрсеткіш Орталық Азиядағы көршілері Қырғызстан (9,3%), Тәжікстан (8,1%) және Өзбекстаннан (6,8%) айтарлықтай артта.

Сарапшылар бұл өсімнің нарықтық факторлардан емес, негізінен бюджет есебінен жүретін мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық шығындар арқылы сақталып отырғанын меңзейді.

Мұнай бағасының төмендеуі мен импортқа деген жоғары сұраныс жағдайында теңге бағамына қысым артып, оны тек Ұлттық банктің қатаң саясаты мен Ұлттық қордан жасалатын трансферттер ғана ұстап тұрмақ.

2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы қайтадан 550 теңгеге жетуі ықтимал. Мұндай болжамды BCC invest сарапшылары жасап отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: