Бейсенбі, 26 ақпан, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Tele2-ні сатып алған қатарлық компания енді елдегі газ жобаларына қатыспақшы

26.02.2026

49 0

Фото: Ақорда

Қатарлық Power International Holding (PIH) компаниясы Қазақстан телекоммуникация нарығы қызметін кеңейтіп жатыр. Аталған жоспар Mobile Telecom Service (Tele2) компаниясын сатып алу жөніндегі келісім аясында іске асады. Бұл жайлы Тоқаев пен PIН басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятпен кездесуі аясында айтылды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Тоқаевтың сөзінше, қатарлық телекоммуникация саласына келуі байланыс инфрақұрылымын жаңартып, қызмет сапасын жақсартуға оң әсер етеді.

Дегенмен Қазақстан мен Қатар арасындағы негізгі инвестициялық серіктестік газ өңдеу, газ тасымалдау және электр қуатын өндіру салаларына бағытталған. Президент айтуынша, бағыттағы ірі жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып отыр.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты күшейтіп, болашағы бар инвестициялық жобаларды бірге жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.

2025 жылы қаңтарда Power International Holding қазақстандық «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ны сатып алу бойынша мәмілені аяқтаған. Tele2 және Altel брендтері осы компанияға тиесілі. Бұған дейін «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясы «Қазақтелекомға» тиесілі болған.

Сол жылы мамырда қатарлық компания Қазақстанда тағы бір жобаға қатысады деген ақпарат тарады. Олар  медициналық мекемелер салу және оны цифрлық шешімдер арқылы басқару саласына қызығушылық танытты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: