Сейсенбі, 17 ақпан, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Энергия тапшылығын жою басталды: биыл қай өңірлерде жаңа станциялар ашылады

17.02.2026

52 0

Фото: kursiv.media

Биыл Қазақстанның қуат көздерінен қосымша 2,64 ГВт энергия өндіру жоспарланған. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар 2027 жылдың басында энергия тапшылығын біржола жойып, ал 2029 жылға қарай еліміздің энергия экспорттаушы мемлекеттер қатарына қосылуына жол ашпақ, – деп хабарлайды  kursiv.media

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің сырттан 3,7 млрд киловатт-сағат энергия сатып алғанына назар аударып, ішкі қуатты арттыруды қатаң тапсырған болатын.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, биыл 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел және 4 күн электр станциясы іске қосылып, өндіріс қуаты жылына 16 млрд киловатт-сағатқа артады деп күтілуде.

Бу-газ қондырғылары қай қалада салынады

Елдің энергия қауіпсіздігін нығайтуда негізгі салмақ қуаты 2,4 ГВт болатын бу-газ қондырғыларына түспек.

Оңтүстік өңірлерде: Қызылорда облысында 240 МВт-тық станция іске қосу-реттеу сатысына өтсе, Түркістан облысында 1 ГВт-тық алпауыт станцияның іргетасы бекіп жатыр.

Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарында жалпы қуаты 1,1 ГВт болатын заманауи қондырғылар бой көтеруде. Бұл жобалар тек энергия беріп қана қоймай, шаһардың экологиялық тынысын ашуға — таза энергияға көшуге мүмкіндік береді.

Атырау ЖЭО мен Текелі энергия кешені де жаңа турбоагрегаттармен толығып, жергілікті өндірістің әлеуетін арттыра түспек.

Қазақстан тек дәстүрлі емес, «жасыл» технологияларды да қатар дамытуға басымдық бермек. 2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) пулы тағы да 245 МВт-қа толығады:

Қостанайда «Aspan Energo» және «Гиперборея» атты қос бірдей жел станциясы желдің қуатын жарыққа айналдырады.

Маңғыстаудан Жетісуға дейінгі аймақтарда 4 жаңа күн станциясы мен Түркістандағы шағын ГЭС-тер энергия теңгерімін әртараптандырудың жарқын үлгісі болмақ.

Қазақстан 2027 жылға қарай электр энергиясын еш елден сатып алмайтыны хабарланған.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: