Сенбі, 21 желтоқсан, 17:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаев егіс алқабына барып, қармақшылық дихандармен кездесті

26.06.2022

557 0

 Егін егу маусымы басталар алдында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азық-түлік қорын көбейту және сырттан алатын өнімдерге деген тәуелділікті азайту үшін әр аудан, қаладағы ауылдарда егін егуге арнайы жер дайындауды және бақша дақылдарын егуді тапсырған еді. Нәтижесінде, аймақта 1454 гектар жер көлемі дайындалды.

Аймақ басшысы Қармақшы ауданына іссапары барысында Жаңажол ауылдық округіндегі егістік алқабына барып, күріш және бау-бақша дақылдарын баптау жұмыстарымен танысты.

Аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі – «Жаңажол» ЖШС биыл 3 мың гектар жерге күріш еккен болатын. Жалпы ауданда 13 мыңға жуық гектар негізгі дақыл егілген.

Бақша дақылдарын егумен айналысатын шаруалармен кездесіп, егін мәселесінде пікірлесті. Ауылда 123 отбасы ауылда бақшалық егу жұмыстарымен айналасады. Егіс көлемі – 25 гектар, оның ішінде 7 гектар картоп, 3 көкөніс, 15 гектар бақша орналастырылды.

Облыс әкімі қазіргі кезде егісті әртараптандырудың маңызды екенін және әр ауылдың өзіндік ерекшелігін ескере келе, өнімділікті көбейту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, арналарға су жеткізу, насос қондырғыларын уақытылы алу мәселесін жеделдетуді тапсырды.

Айта кетейік, Қармақшы ауданында егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында 316 гектар жер бөлініп, 837 отбасына үлестірілді.

Нұрлыбек Нәлібаев егіс алқабына барып, қармақшылық дихандармен кездесті
Нұрлыбек Нәлібаев егіс алқабына барып, қармақшылық дихандармен кездесті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: