Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыстық стартап жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

13.09.2021

1003 0

Облыстық стартап жобалар байқауының финалдық кезеңі қорытындыланды. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен биыл кәсіпкерлікті дамыту және бизнес-әлеуетті арттыру мақсатында «Kyzylorda Business Hub» байқауы 3 рет ұйымдастырылды. Шараға 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қатысып, 214 адам өз жобасын ұсынды. Жобаның негізгі серіктестігі – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Ел экономикасының өркендеуіне, бизнестің алға жылжуына үлес қосу мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында 2017 жылы «Бизнес-Старт» бизнес-инкубаторы ашылды. Жастар кәсіпкерлігі орталығында 118 жас кәсіпкер өз бизнестерін ашып, қанаттанды. Қазіргі таңда 33 студент бизнес-жобаларын үйлестіруде. Орталықтың ауқымды жобаларының бірі – KYZYLORDA BUSINESS HUB. Бұл жобаға облыс жастарынан 1200 астам өтінім түсіп, 420 жоба қатысып, 13 жас кәсіпкерге инвестиция тартылды», – деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова.

Бұл орталықтың жалғыз жетістігі емес. 2018 жылы «Жас проджект» жобасы аясында орталық резиденттері 22 000 000 теңге қаржыландыруға қол жеткізді. «Almau project night» республикалық стартап жобалар байқауында университет командасы 1 орын иеленді. «Shevron» компаниясының байқауында экологиялық стартап жобамыз 800 доллар кіші грантына ие болып, республика бойынша 2 орын иеленді. «Unicef» халықаралық қорының байқауында білім саласындағы «КБХ-Финанс» стартап жобасы 1000 доллар қаржыға ие болып, 1 орын алды.

«Байқау сәуір-қыркүйек аралығында жүзеге асырылды. Жалпы 4 кезеңнен тұрады. Биыл Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда кәсіпкерлік негіздерін оқытып, бизнес-жобалар таңдалды. Қатысушыларға «Кәсіпкер психологиясы», «Маркетинг негіздері», «Дизайн-мышление», «SMM» және «Бизнес-жоспар» тақырыптарында 3 күндік семинар-тренингтер ұйымдастырылды»,-деді «Business Start» инновациялық жобаларды іске асыру орталығының басшысы Жанарыс Тубекбаев.

Өткен жылы 11 жобаға 19,8 млн.теңге инвестиция тартылса, биыл 9 млн.теңгені құрады. Жартылай финалға 152 жобадан іріктелген 88 жоба қатысты. Нәтижесінде, 20 жоба финалдық кезеңге өтіп, инвесторлар алдында қорғауға мүмкіндік алды.

«Өнерге қызығушылығым, бүгін жеңіске жеткізді. Бұл жобаға Арал ауданынан қатысып отырмын. Жобаның атауы – сиырдың мүйізінен түрлі кәдесый жасау. Бұл өнермен айналысқаныма 4 жыл болды. Өзім Арал аудандық өнер мектебінің мұғалімімін. Осындай жастарға қолдау білдірген ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді жоба жеңімпазы Құрманғазы Бектұрсынов.

Айта кету керек, университет ректоры Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 2 курс студенті Дидар Сәрсенбекке өз жобасын ары қарай дамытуға мүмкіндік берді. Дидардың жобасы «3Д дизайнерлік студиясы». Алдағы уақытта жоба қатысушысы университет базасында бірлесе жұмыс істейтін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: