Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Отбасылық кәсіптің үлгісі

31.07.2023

518 0

Еңбекпен тапқан нан тәтті. Кәсіптің үл­кен-кішісі болмайды. Ол қарапайым ғана шаш­тараз. Кәсібі өзіне ұнайды. Күн сайын түрлі адамдармен ди­дарласып, кейбірімен туған-туыстай араласып та кеткен. Бүгінде біздің кейіпкеріміз Райхан Шермаханованың 3 баласы, 3 немересі қуанышын еселеп отыр. Ол тоқырау жылдарындағы қиындықты да бастан кешірген. Сол кезде күйеуі екі қолға бір жұмыс таппай үйде отырып қалды. Ал Райхан болса, шағын темір вагонда күнделікті өз тұтынушыларымен отбасын нансыз қалдырмау үшін еңбек етті. Қазір оның жеке кәсіппен айналысқанына 20 жыл болыпты. Әркімнің өз сүйген кәсібі болады. Ең бастысы, оның  шағын жұмыс алаңы бар.

– Мәселе кәсіпкер болу үшін үлкен кәсіпорын, зауыт басқа да іргелі жұмыс орнын ашу емес, шағын кәсібіңді жандандырып, шаңырағыңның әлеуметтік ахуалын жақсартсаң болды. Мұны Президент өз Жолдауында саралап айтып берді. Ол өз стратегиялық бағытында отбасылық бизнесті дамыту мақсатын ұсынды. Әркім тіршілік етіп, өз нәпақасын табуға ұмтылған жөн. Қазір кәсіпкерлік дамып келеді. Оның үстіне, бұл бағытта негізсіз тексерулер мен кедергілерді болдырмау жөнінде мораторий жарияланды. Отбасылық бизнес дамыса, еліміз де гүлденеді. Қазір мен өз кәсі­бімнің қожайынымын. Берекелі тірлік жасап, талаптансаң, бар игіліктерге жол ашылады дейді жеке кәсіп иесі.

Кәсіпкер шағын аулаға көктем шыға тал егіп, көгалдандыруға қатты мән береді екен. Өз тұтынушыларыңа қолайлы жағдай жасап, оларды жылы қабақпен қарсы алып, шаш сәнін өз қалауына сай безен­діріп, әдемі стиль қалыптастырған соң халық та көп болады. Қаладан шеткері ауылдан да іздеп келіп, оның қызметіне тәнті болып жатқандар жетерлік.

Сөз арасында Райхан «Менің қызметім ұнап, алыстан тұтынушы іздеп келгеніне қуанбасам, ренжімеймін. Менің еңбегімнің жемісін отбасым, өз елім көріп жатса, маған соның өзі зор бақыт. Әркім өз отбасын таза еңбекпен асыраса, жас мемлекетіміздің іргетасының нығаюына да үлкен қолдау болмақ. Себебі біз туған жеріміздің салық қазанындағы қаржыны көбейтуге өз үлесімізді қосып отырмыз. «Отан отбасынан басталады» демекші, үлкен бизнес шағын отбасылық кәсіптен бастау алады. Ел еңсесін көтеріп, қазақ елінің абыройын әлемге паш ету үшін әрбіріміз қажырлы еңбек етуіміз керек. «Мен елімнің өркендеуі үшін не жасадым?» деген патриоттық сезім әр адамның санасында болса» – дейді Райхан. Әрине, оның сөзінің жаны бар. Себебі  отбасылық кәсіп – мемлекет тірегі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: