Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда бидайды жинап болды

02.08.2022

717 0

Қала аумағында ауыл шаруашылығы саласының деңгейі қандай? Ел егіннен қандай нәтиже күтеді? Су тапшылығы болған жоқ па? Осы және өзге де сауалдар бойынша қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбек Әзірбекұлымен сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.

– Нұрбек Әзірбекұлы, қала көлеміндегі ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз…

– Қызылорда қаласы бойынша 2022 жылдың 1 маусымына ауыл шаруашылығы бойынша 1 млрд 908,1 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 100,8 процентті құрады. Биыл 9036 гектарға егін егілді. Оның ішінде 3406 гектар күріш, 482 гектар бидай, 5 гектар арпа, 70 гектар мақсары, 189 гектар қант құмайы, 2823 гектар картоп, көк­өніс, бақша дақылы егіліп, 994 гектар жаңа жоңышқа, 1067 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.

Биыл 1019 тонна күріш тұқы­мы­ның 23,3 проценті отан­дық, 76,7 проценті ресейлік сорттарды құрады. Қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 3745 тон­наны құрап, толығы­­мен алынды. Сонымен қатар арам­шөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің қажетті көлемі 3634 литр толы­ғы­мен сатып алынды. Қа­шырт­қылар, каналдарды таза­лау, гид­ротехникалық құрылыс­тарды жөндеу жұмыстары бойынша шаруашылықаралық және ішкі каналдардың 152000 текше метр топырағы шығарылып, 5 дана гидробекеттер, 5 дана су құры­лыстары жөндеуден өткі­зілді. Егіс жұмыстарына 91 трак­тор, 22 трактор тіркемесі, 21 соқа, 9 дән сепкіш, 5 жүк көлігі жұмылдырылды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 522 тонна дизель жеткізіп беруші операторлар ретінде «РК Мұнай» және «Нефть-Транс-Қызылорда» ЖШС белгіленді. Бүгінгі күнге шаруашылық құрылымдарының қажетті дизель отынының сұра­нысы бойынша жеткізіліп берілді. Қала бойынша 2022 жылдың 1 маусымына мүйізді ірі қара – 27689 бас, қой мен ешкі – 31900 бас, жылқы – 12164 бас, түйе – 3761 бас және 14875 құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 10,7%, қой-ешкі – 14,4%, жылқы – 23,4%, түйе – 12,2 %, құс – 1,8% өскен. Бүгінгі күнге 947,7 тонна ет, 1683,4 тонна сүт, 131,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 1,8%,  сүт өндіру –  0,2%, жұмыртқа – 1,1% артты.

– Биылғы егін шаруашылы­ғынан қандай нәтиже күтесіздер?

– Қазіргі таңда бидай жинау жұмыстары толығымен аяқ­талып, 431,7 тонна өнім алынды. Орта өнім 10,2 центнерді құрады. Со­нымен қатар ораққа түсетін 1067 гектар мал азықтық ескі жоңышқаның бі­рінші орымы аяқ­талып, 1814 тон­на жоңышқа дайын­далды. Қазіргі уа­қытта екінші орым жүргізілуде. Күріш­­ті күтіп-баптау бойын­ша 1900 гек­тар үстеп қоректендіру және 1800 гектар егіске химиялық өң­деу жұмыстары жүргізілді. Биыл егілген 3406 гектар күріш егістігі­нің шығымдылығын сала мамандары зерделеу барысында 2554 гектары (75,0%) «жақсы», 681 гектары (20,0%) «орташа», 141 гектары (5,0%) «қанағаттанарлық» деп бағалап отыр.

– Биыл су тапшылығы сезілді ме?

– Биыл су тапшылығы жағ­дайын­да шиеленістердің алдын алу, егін жұмыстарын агротех­никалық талаптарға сәйкес жүргізу үшін қала әкімінің өкімімен жұ­мысшы топ құрылып, ауыл шаруашылығы құрылымдарына суды аз қажет ететін дақылдарды егу жөнінде түсіндірме жұмыс­тары жүргізіліп, ескертпе хат таратылды. Бүгін­гі күнге қала бойынша оң жаға магистралы каналынан 14,79 тек­ше метр, сол жаға магистра­лы каналынан 8,64 текше метр, Жаңаарық магистралы кана­лынан 5,36 текше метр, бар­лығы 28,79 текше метр су алы­нуда. Вегетация кезеңінде су тап­шылығы ықтималдылығына байланысты 5 насос қондырғысын (СНП-500/10) «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы арқылы алып беру жоспарланып, бүгінгі күнге 2 данасы берілсе, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 3 дана СНП-500 су қон­дырғысы алынып берілді. Су тапшылығына байланысты биыл тамшылатып суару технология­сымен Қызылөзек ауылдық ок­ругінен «Үміт» шаруа қожалығы 8 гектарға картоп, Қарауылтөбе ауылдық округінен «Ы.Жақаев атындағы Қазақ Күріш ҒЗИ» ЖШС 3 гектарға қызанақ екті. Сонымен қатар тамшылатып суару технологиясымен Ақсуат ауылдық округінен «Алдан» шаруа қожалығы 200 гектарға жаңа жоңышқа екті.

– Күріш, бақша дақылдарын егу жұмыстары жылдағыдан қалай орындалды?

– Күріш дақылы биыл 3406 гек­тарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 707 гек­тарға кеміді. Күріштің орнына суды аз қажет ететін бидай 58 гектарға, қант құмайы 149 гек­тарға, мақсары 30 гектарға, 707 гектарға жоңышқа егілді.

Биыл 990 гектарға бақша да­қылдары егілді. Облыс әкімі жергілікті тұрғындардың өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егетін жерлерді дайындап, ха­лыққа бөліп берді. Осыған орай қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бойынша 255 гектар жер дайындалып, 1700 тұрғынға беріл­ді. Бүгінгі күнге 65 гектар картоп 98 гек­тар көкөніс, 92 гектар бақша дақыл­дары егілді.

– Ауыл шаруашы­лығы өнімін өндіруші­лердің ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі қандай?

– Бүгінгі күні ішкі нарықты азық-түлік тауарларынан күріш, картоп, ет, сүтпен қамтама­сыз етіп отыр. Қалған азық-түлік тауарлары сырттан тасымал­данады. Маусымдық бақша, көкө­ніс дақылдары жеткілікті өнді­рілуде. Сонымен қатар Ақсуат ауылдық округіне қарасты «КазАгроМир» ЖШС құны 1,1 млрд теңгені құрайтын Ақсуат ауыл­дық округінде көлемі 2,2 гектар автоматтандырылған ке­­шен­ді жылыжай құрылысы жұ­мыс жасауда. Биыл қаңтар айын­да егілген қиярдан 180 тоннаға жуық өнім жиналды. Шағын жылыжай кешенін дамытуда жаңадан жал­пы көлемі 1300 шаршы метрді құрайтын 2 жылыжай кешені жұмысын бастады. Олар – Ақсуат ауылдық округі Жаңадария өңірінен ЖК «Шапағат», Қызыл­жарма ауылдық округінен «Green house» ЖШС жылыжайы. Сонымен қатар «Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» тарапынан жылыжай кешенін салуға 13 млн теңгені құрайтын 2 жоба мақұлданып, құрылыс жұмыстары басталуда.

– Түрлі фактор әсерінен елімізде азық-түлік бағасы үнемі құбылып тұратыны белгілі. Қазір баға тіптен аспандап кетті. Осы тұста азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеу­­меттік жәрмеңкеден бөлек қан­­дай қолдау шараларын жоспар­лап отырсыздар?

– Қала аумағында 39 әлеуметтік дүкен орналасқан, оның екеуі ет бағытында жұмыс жасауда. Сонымен қатар «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы «Аль-Асад», «Ажар», «Қызылорда», «Мирас», «Анвар» сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақса­тында әлеуметтік бұрыштар ор­налыстырылған. Одан бөлек азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағынан «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы жыл басынан бері 15 мәрте жәрмеңке өткізді.

– Қазіргі уақытта агроөнер­кәсіптік кешен негізінен қай сала­ларды дамытуға күш салған жөн?

– Қазіргі таңда мал азықтық, жемдік дақылдарды өндіру, күн­делікті тұтынатын көкөніс көлемін арттыру алға қойылған. Осыған сәйкес, мал бордақылау алаңдарын салу, асылдандыру бағытын ұл­ғайтқан жөн.

– Алдағы уақытта ауыл шаруа­­шылығы өнімін арттыру үшін қандай жоспарларыңыз бар?

– Алдағы уақытта күріштің көлемін тұрақтандыра отырып, әртараптандыру бағытын дамытқан дұрыс. Мал азықтық, майлы және әлеуметтік маңызға ие көкөніс, картоп, бақша дақылдарының көле­мін арттыру керек. Су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізуді жандандыру, ауыл шаруашылығы техникаларының машина трактор паркінің жаңаруын 5 процентке дейін жеткізу жоспарлануда. Жылыжай шаруашылығын және қарқынды алма бақтарын дамы­ту, өңдеу кәсіпорындарын, оның ішінде майлы дақылдарды көбейт­кен жөн деп есептеймін. Сон­дай-ақ мал шаруашылығы өні­мін өндіру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуат­тылықтарын арттыру және дамыту мен жақсарту бағытындағы жұмыс жүргізілуде.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: