Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауылдағы наурыз тойы

20.03.2021

2797 0

Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылымен тұспа-тұс келіп отырған Наурыз мерекесін ауылдық округтерде де ерекше атап өтуде. Қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі Қызылордадан 20-25 шақырым жерде орыналасқан. Бүгінде 400 – ден астам шаңырақ үй тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан, қаймағы бұзылмаған ауыл. Халқы – еңбекқор, мал, егін шаруашылығымен айналысады. Мұнда Наурыз жылда жоғары деңгейде өтеді. Ауылда мектеп, балабақша, медпункт бар. Әбір үйге ауызсу, табиғи газ тартылған. Жолы тегіс. Қарауылтөбеліктердің халқы ұйымшыл. Той-томалақ пен таудай тірлікті біріге атқарып тастайды.

Ауылдағы наурыз тойы

Мереке қарсаңында ауылдық клубтың ұйымдастыруымен ка­рантин талаптарына сақтап, «Наурыз-береке, бірліктің бас­тауы» атты шара өтті. Бүгінде киіз басу өнері кенже қалып бара­ды. Кезінде әр үйдің төріне жайылатын текеметті іздесек те таппайтын болдық. Киіз басу өнерін ұлықтап, насихаттап жүргендердің де қа­тары азайды. Үйінде жүн түтіп, текемет басып, ісмерлікпен айна­лысатындар саусақпен санар­лық. Десек те баға жетпес бұл құндылықты ауылдағы ақ жаулықты аналар насихаттап жүр. Олар байырғы киіз басу тәсілін келіндеріне аманаттап, қыздарына үйретіп келеді.

Ауылда киіз басу, жүн түту, ұршық иіру, тоқыма тоқу өнері мерекеде жалғасын тапты. Оған ауылдық округтің қолөнер шеберлері атсалысты. Шараға қалалық мәдниет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов пен Қарауылтөбе ауылының әкімі Сейілбек Тайманов қатысты.

– Өзіміз оқушы кезімізден ауылдағы әжелерден киіз басуды үйрендік. Бертін келе бұл кәсіпті үйреншікті түрде қолға алдық. Әйтсе де, әжелер жастарға, келін­дерге қазақы ұлттық құндылы­ғымызды ұмытпауды, киіз басу, қамшы өру, байпақ басуды қолға алу жөнінде алқалы топтарда әңгімелеп отырса, мұның өзі үлкен іс болар еді, – дейді ақ жаулықты аналар.

Қазақылықтың қаймағы бұ­зылмаған ауылда жас келіндер арасында «Бауырсақ party» сайысы өтті. Келіндер жеті шелпек пісіріп сынға түсті. Сайысқа қатысқан ауыл келіндерінің ішінде осалы болмады. Ауыл әкімі де шарадан тыс қалмай көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Бүгінде әз – Наурыз барша Қазақ жұртының сүйікті мерекесіне айналды. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін Ұлыстың ұлы күнін еліміздің гүлдене беруін айтып, жаңарумен жанданудың ән бесігін тербеген наурыз мейрамын көңілді қарсы алып жатыр. Мереке құтты болсын, ауылдастар! Оттың басы аман, деңдеріңіз сау бол­сын, – деді ауыл әкімі.

Наурыз мерекесінің басты ны­шаны болып саналатын нау­рыз көже ауыл тұрғындарына үлес­тірілді. Бір қазан көже қазақ жерінде тату тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты халықтың бірлігінің, достығының нышаны іспетті. Наурыз көжені кез келген жанның сүйісініп ішетіні де содан болса керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: