Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мәдениет – әлемдік қауіпке қарсы

22.05.2022

1038 0

Тероризм мен экстремизм әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұрған ғаламдық мәселе. Қазіргі кезде терроризммен мен экстремизмнің құбылыстары мен көріністері көптеп орын алып өзекті мәселеге айналды. Экстремизм мемлекетттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қаупін төндіріп, зорлық-зомбылық, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмауымен сипатталады. Ал терроризмнің негізгі салдары саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет екені айқын. Осылайша терроризм мен экстремизм өзінің қауіптілік тәжірибесімен ұқсас келеді.              

Қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар, сәт сайынғы түсініксіз қақтығыстар әлеуметтікк ахуалдар міне осының бәрі адамзат баласының мәдени санасының деңгейін көрсетеді. Десе де мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да тероризмге мен экстремизмге қарсы түрлі қарсылық тәсілдері мен ауқымды шаралар қолданылғанымен түбегейлі тоқтау жасау мүмкін емес. 

Ақпарат беттерінен түрлі қылмыстық оқиғалар мен адам сенгісіз жауыздықтарды көріп, бүгінгі қоғамның ол нәрсеге еті үйреніп қалғанын байқайсың. Ілгеріде  «Мына елде лаңкестік оқиға орын алды, анау жерде қылмыс болды» десе, бізге, біздің елге таңсық екені білініп тұратын, жанымыз ауыратыны тағы бар еді. Ал қазір тіпті бөлек ол оқиғалар әдеттегі ақпарат пен күнделікті әңгіме сынды, салқынқандылық пен жауыздық қоғам санасына сіңіп кеткендей.

Ықылым заманнан қазақ қоғамды бір ауыз сөзбен тәрбиелеп, ақыл-ойы дамыған, сөз қадірін өз қадіріндей тұтқан ұрпақты өсірді. «Күнделікті тұрмыстағы мәдениет» ұғымы қазақ отбасында үлкен қызмет атқарды. Бүгінгі күннің кеселі де сол мәдени санасы таяз қоғам мүшелері түрлі теріс әрекеттерге барып, қоғам тыныштығын бұзуда. Шығыстың ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей, ғылым-білімнің адами құндылықтар мен тағлымды тәрбие болмаса адамзат мүддесіне қызмет етпейтіндігі сол заманнан-ақ белгілі болған. Ал, тәрбие мәдениетпен егіз ұғым. Қоғамдық мәдениетті құрастыратын сол қоғамдағы жекелеген адамдардың мәдени құндылықтары. Кез келген мемлекеттің байлығы мен қазынасы халық екенін ескерсек, сол халықтың байлығы оның адами құндылықтары, мәдени-рухани деңгейі. Тіл байланыс құралы болғанымен, оны пайдалы, әрі жақсы қарым-қатынаста пайдалана алмау тағы да мәдениетсіздікке әкеліп соғады. Ал бір елде бүтіндей халықтың мәдени көкжиегі кең, рухани толысқан адамдар өмір сүрсе, ол елде қоғамдық конфликттер мен тероризмдік, қылмыстық әрекеттер мүлдем болмас еді. Бұл дегеніміз ол халықтың тұрмыс жағдайына ешқандай қатысы жоқ тек қана мәдени байлықтың нәтижесінде болады. Себебі, материалдық байлық адами құндылықтар мен рухани байлықтан бір саты тұрған мемлекетте өмірге деген көзқарастар өзгеше болып, адами құндылықтарға қайшы оқиғаларға тоқтау салады.

Біздің қоғамды артқа тартып, түрлі тағдырлар мен түрлі отбасылардағы қайғы-қасіретке себепкер болатын лаңкестік, қылмыстық оқиғаларға тосқауыл темір тор деген түсініктен бойымызды аулақ ұстау маңызды. Себебі, «Ауруыңа ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген даналықтың түпкі мәнінде қоғамдық кеселдің де кесірінен құтылу жатыр. Ал, ауырмаудың жолы қандай? Амалы біреу. Қылмыстың алдын алып, жолын кесу. Бейкүнә жандардың тағдырын сақтаудың тәсілі де осы. Ол үшін қоғамдық ем жүргізу қажет. Сіз бен біздің іздеген еміміз де сол – мәдениет. Йә, мәдениет ұғымы қоғамдағы барлық проблемалардың шешімі десек те артық емес. Себебі, мәдени толысқан адам қылмысқа бармайды. Оның жаны мен тәніне адами қасиетті сіңіретін де сол мәдениет. Жаны жақсылық пен жасампаздыққа құмар, сұлулық пен әсемдікті сүйген адам қиянат пен жаманшылық ұғымдарына бармайды. Ал, сол мәдениет мәйегін бала күннен бойына сіңіру, ұрпақты рухани азықтандыру әр ата-ана мен кезкелген ортаның басты міндетіне айналды.

Бүгінгі күннің жағымсыз ақпараттарын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде тоқтатар дауа қоғамды мәдени байыту болса, ал сол міндеттің дәрігері – біздің мәдениет қызметкерлеріміз. Мемлекет тарапынан мәдениет саласына қарқынды қолдаулар жасалынып, мәдени мұрамызды, өткен құндылықтарымызды жер-жерден жинадық, ғылыми дәлелдедік, кітап бетіне түсірдік. Еді мәдениет қызметкерлерінің алдында жаңа белес, айқын міндет тұр. Ол – қоғамды мәдени азықтандыру.

Мәдениет – ең абзал, ерекше бекзат ұғым. Әр аймақта, ауылдар мен әрбір отбасыда мәдени сана, ұлттық болмысымыз қалаптасуы тікелей қазақ ұлтына тән емес, халқымыздың руханиятына қайшы қылмыстар мен тероризмге тоқау салары белгілі.

Біздің ертеңгі келбетіміз бүгінгі мәдени-рухани тың идеяларымыз бен, жаңа бастамаларымызға тәуелді.

Расул Әлімжан,

Облыстық халық шығармашылығын дамыту

және  мәдени-продюсерлік орталығының маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: