Сәрсенбі, 05 қараша, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

«Qazcontent» Astana Media Week алаңында пікірталас өткізді

05.11.2025

70 0

Фото: Арман Мухатов

Astana Media Week 2025 аясында елордадағы «Қазмедиа» орталығында “Qazcontent” АҚ ұйымдастырған «Журналистика тоғысында: жасанды интеллекті бар цифрлық медианың пайда болуы» атты панельдік сессия өтті. Дискуссияның модераторы «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек болды. Ол бүгінгі жасанды интеллект технологиялары ақпаратты жасау, өңдеу және ұсыну тәсілдерін түбегейлі өзгертіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сессия «ЖИ және Қазақстандағы медиатрансформация» атты бейне-презентациямен ашылды. Роликте цифрлық технологиялар, нейрожелілер және контентті автоматтандырудың қазақстандық медиа саласына қалай еніп жатқаны көрсетілді.

Пікірталасқа қатысқан медиа мен ақпараттық индустрияның негізгі өкілдері:

  • Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Алишер Мұқанов,
  • Түркияның Anadolu Ajansı агенттігінің стратегиялық коммуникациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Билгехан Өзтүрік,
  • «Atameken Business» медиа холдингінің бас директоры Қанат Сахариянов,
  • NUR.KZ IT-компаниясының бас директоры Қуат Бахридинов.

Қатысушылар жасанды интеллекттің журналистика дамуына, редакциялық процестерді автоматтандыруға, аналитиканың дәлдігіне және деректерді визуализациялау тәсілдеріне қалай әсер етіп жатқанын талқылады. 

Сонымен қатар этика, цифрлық контентке деген сенім және интеллектуалды технологиялар дәуіріндегі адам факторы мәселелері көтерілді.

Айна Задабектің айтуынша, жасанды интеллект журналистерді алмастырмайды, керісінше шығармашылық пен сараптамалық контент үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Біз жаңа дәуірдің табалдырығында тұрмыз. Технология – қауіп емес, адам интеллектін күшейтетін және медиаконтенттің сапасын арттыратын құрал, – деді ол.

Панельдік талқылау белсенді форматта өтіп, сарапшыларды, журналистерді, мемлекеттік органдар өкілдері мен IT индустриясын бір алаңға жинады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: