Сейсенбі, 31 наурыз, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Адвокаттар мәртебесі көтерілмек

31.03.2026

41 0

Жаңа Ата Заңның сегізінші бөлімі «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» деп аталып, осы бөлімге жаңа 86-бап енгізілді. Аталған бапта бұған дейін адвокатураның мәртебесі салалық заңмен ғана реттеліп келсе, енді ол құқықтық мемлекет жүйесінің ажырамас институты ретінде басты құжатта айқын көрініс тапты. Осыған орай,  полиция полковнигі,  ұзақ жылдар адвокат қызметін абыроймен атқарған зейнеткер Бақытгүл Орынбековамен сұхбаттасқан едік. 

– Жаңа Ата заңда адвокатура мәртебесінің алғаш рет айқын­далуы сала мамандары үшін қандай мәнге ие?

– Адвокатура мәртебесінің алғаш рет Ата заңымызда айқындалуы сала мамандары үшін үлкен қолдау деп білемін. Қазақстан Республикасы Конституциясының деңгейінде ад­вокатураға қатысты өзгерістер енгізу адвокаттардың мәртебесін, сонымен қатар азаматтарды қорғау құқығын күшейтуге бағытталған.

Адвокатура туралы норма Конституцияда нақты бекітілсе, ол өмірде маңызды нәтиже береді деп ойлаймыз. Біріншіден, бұл қорғау құқығын күшейтеді. Азаматтардың кәсіби заң көмегін алу құқығы нақты, әрі кепілді болады. Екіншіден, адво­каттардың тәуелсіздігін артты­рады. Адвокатура мемлекеттік ор­гандардан тәуелсіз қызмет етуі тиіс. Конституциялық деңгейдегі норма олардың қызметіне орын­сыз араласуды азайтады. Үшін­шіден, әділ сот қағидатын кү­шейтеді. Адвокатура сот жүйе­сінің маңызды бөлігі. Яғни, сот процесінде тарап­тар мен қор­ғаудың теңдігін күшейтеді. Төр­тін­шіден, адвокаттардың кепіл­­діктерін арт­тырады. Яғни адво­­каттық құ­пияның сақталуы, адво­­катқа қысым жасауға тыйым, адвокаттық қыз­метке кедергі келтір­гені үшін жауапкершілік, адвокатура туралы заңды күшейтеді, адвокатура қыз­меті, заң көмегі ту­ралы заң сияқты салалық заңдар Конституцияға сәйкес жетілдіреді.

– Бұған дейін адвокатура мәр­тебесінің конституциялық дең­гейде белгіленбеуі бұрын жұмыс барысында қандай қиындық туғызды?

– Адвокатура қызметі, заң кө­мегі туралы заң бар. Қазақстан Республикасының азаматтық, Аза­мат­тық процестік, Қылмыстық, Қылмыс­тық процестік, Әкім­ші­лік, Еңбек туралы салалар бойын­ша кодекстерде адвокат, қорғау­шы­лардың қызметі, көмегі, мәртебесі, құқығы мен міндеттері қаралған. Адвокаттар адамдардың құқықтарын әр салада да қорғап, заң көмегін көрсетіп келеді. Алайда адвокат мәртебесі, адвокат пікірі, адвокат қорғауы, адвокат сөзі мемлекет дәрежесінде бағаланбаған еді. Ата Заңымызда адвокат мәртебесін көтеру, адвокатура басқа мемлекеттік органдармен, соның ішінде про­курормен теңестіру. Мысалы, про­курордың бекіткен айыптау актісі сотта қаралатыны сияқты, адвокат та қорғау актісін жазып ол сотта қаралады. Адвокаттың өтініш хаты, ұсынысы жай ғана қанағаттандырусыз қалмайды. Заң ортақ, ендеше заң саласында екі тарап прокурор, адвокат теңдігі белгіленеді. Осы сияқты мысалдарды басқа заң салаларында айтып келтіре беруге болады.

– Жаңа норма адвокаттың қо­ғамдағы рөлінің деңгейін көтере ме?Адвокаттардың тәуелсіздігіне әсер ете ме?

– Жаңа норма адвокаттың қоғам­дағы рөлінің деңгейін көтереді деп сенемін. Адвокаттар да соған лайықты болу керек. Мемлекет тара­пынан адвокатура саласына  көңіл бөлініп, қолдау болады деп ой­лаймын.

– Сұхбатыңызға рахмет.

            Сұхбаттасқан Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: