Жұма, 27 желтоқсан, 07:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аязды ақпанның ақтүтек бораны

20.02.2024

600 0

Сурет:stan.kz

Биылғы ақпан айы ерекше қара суығымен естен тандырып тұр. Әсіресе сақылдаған сары аязы шыдатар емес.
Негізі ақпан айында «Ақпан-Тоқпан» деп аталатын амал бар. Ел аузындағы сөзге сенсек, Ақпан-тоқпан кезінде қар жауып, жел тұрып, боран болып, аяз күшейеді екен. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты энциклопедияда «Ақпан-тоқпан амалы – үш-жеті күндік қатты суық амалдың екінші атауы» деп анықтама берген. Бұл амалдың тағы бір атауы екі ағайынды екен. Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 1974 жылғы І томында «Ақпан-тоқпан алты күн» деп жазылған.
Бұл амалдың атауы қалай шыққан? Бану Әбдіғалиеваның жазуынша, Ақпан мен Тоқпан есімді ағайынды екі жігіт кезекпен қой баққан екен. Ақпан қой жайған күні ауа райы кенеттен бұзылып, қоймен бірге далада үсіп өлген. Сол қыс жұтқа айналып, содан Ақпан амалы қалған деседі. Бұл амалдың «екі ағайынды» аталуы да ағайынды екі жігітпен байланысты болып тұр.
Ақпан айындағы бұл амал жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романында кездеседі. Шығармада: «Алақан қышытып, әпшімізді қуырған ақпан-тоқпан да өтті. Күн райы да сынып, арқамыз кеңи бастады», – деп берілген жолдар сөзімізге дәлел.
Аязымен бетті қарып бара жатқан ақпандағы боранның себебі осы екен. Бұрынғылардың сөзімен айтсақ, «бұлт артынан күн шығар» уақыт та келеді.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: