Сәрсенбі, 02 сәуiр, 18:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23,2136
01.04.2025
PDF мұрағаты

Ауылға серпін берген бағдарлама

01.04.2025

300 0

«Ауыл аманаты» жобасы елімізде сәтті жүзеге асып, ауыл халқының кәсіп бастауына, жұмыссыздар санының азаюына, тұрғындардың табысының артуына оң әсерін тигізуде. Жоба бойынша 2029 жылға дейін ауылдарда 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Осының негізінде 1 миллион ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылады. Ал осы мақсаттағы жұмысқа мемлекеттік бюджеттен бір триллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауылшаруашылығы салаларында жеңілдетілген несие беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5 пайызбен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін жеті жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауылшаруашылығы коорперативтерін дамыту үшін 8 мың АЕК-ке дейін құрайды.

2023-2024 жылдары бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Ал 2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған.  Айта кетейік, бағдарламаны іскеасыру басталғанан бері өңірлерде 540-тан астам ауылшаруашылығы коорперативтері құрылған. Олардың 537-сі 12,1 млрд теңге сомаға қаржыландыруды алған. Жоба басталғаннан бері несие алған қатысушылар мемлекетке 1,2 млрд теңге сомасында салық төлеген.  Көшбасшы ретіндеАқтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстары алға шыққан.

Ауылға серпін берген бағдарлама

«Ауыл аманаты» жобасы Сыр өңірінде сәтті жүзеге асуда. 2024 жылы бағдарлама шеңберінде Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтерінде құны 253,1 млн теңгеге 27 жоба несиелендіріліп, 40-тан астам жұмыс орны құрылған.

Елде бағдарламаны дамыту мақсатында «AMANAT» партиясымен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарылған. Атап айтсақ, бұл жоба арқылы 16 мың шағын несие беріліп, 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылған.

Бағдарлама аясында 2025 жылға ауылшаруашылығы министрлігі 50 млрд теңге бөлсе, 2026 жылы да осынша қаржы қарастырылмақ. Оған несиелерден қайтарылған қаражат қосылады. Аймақтарға бұл қаржы бірнеше талаптарға қарай берілетін болады. Ұсынылатын жобаларда өндіріс пен өнім өткізудің нақты схемасы болуы қажет. Несие беру, қайтару және оны алушыларды есепке алатын ақпараттық жүйе орнатылуы тиіс. Бөлінген қаражаттың 20% ауылшаруашылығы техникасының лизингіне, тағы 20% қайтаөңдеуге, 60% басқа да бағыттарға беріледі.

Мемлекет тарапынан кәсіп бастаймын дегенге қолдау көп. Әсіресе, ауыл адамдары үшін осындай жобаның жүзеге асып жатқаны қуанттарлық жайт.

Ауылға серпін берген бағдарлама

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: