Жұма, 27 желтоқсан, 02:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«KITAP – QALA» шаһар мерекесінің мәнін арттырды

28.09.2024

360 0

Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Екі ғасырдан астам тарихы бар Сыр елінің бас қаласы Қызылорданың мерейтойына арналған мерекелер шеруі «Кітап қала – 2024» кітап жәрмеңкесіне жалғасты.

«KITAP - QALA» шаһар мерекесінің мәнін арттырды

Алдымен қала әкімі Нұржан Ахатов бастаған Парламент Сенатының де­путаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов және қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев Ы.Жахаев көшесінің бойына жағалай орналасқан кітап көрмесін тамашалады.

Көрмені аралау барысында қала әкімі Нұржан Сәбитұлы жергілікті кітапханалар қорын молайту бағытында жан-жақты қолдау жалғаса беретінін жеткізді.

Кітап мерекесі театрландырылған қойылыммен, кон­церттік бағдарламамен жалғасып, шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы қала тұрғындарын кітаптың салтанат құр­ған тағылымды мерекемен құттықтады.

– Бүгінде қаламызда 21 кітапхана желісі болса, онда 650 мыңға жуық кітап қоры сақталған. Шаһар тұрғындары үшін кітапханалардың есігі әрқашан ашық. Сондықтан да жастарымыздың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарымызды сақтай отырып келер ұрпаққа аманаттау – баршамыздың борышымыз. Елімізде кітап оқу насихатын жоғары деңгейде жүргізіп жүрген барша кітап­ханашыларға алғысымыз зор, – деді Н.Ахатов.

Ұлт руханиятын қай кезде де жоғары қоятын сенатор Руслан Рүстемов кітапсүйер қауымға өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

– Бүгінгі керемет шарада бас қосып отырғанымызға ризашылығымды білдіремін. Бүкіл әлемге танымал екінші ұстаз Әл-Фарабидің «Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» деген тағылымды сөзі бар. Демек, біздің қасиетті ұғымдарымыздың бастауы – фольклор, жыр, дастан, ерте¬гі, қиссаларымызда. Бұл құндылықтарды балаларымыздың бойына ерте бастан қондыра білсек, олар ешқандай жат ағымдарға илікпейтін діңгегі берік, рухы асқақ, мызғымас тұлға болып қалыптасары сөзсіз.

Ал осы рухани құндылықтарымыз бен өнер қуатының көзі қайда? Әлбетте Абай атамыз айтқандай, артық білім – кітапта. Ал «Google» компаниясы ұсынған статистикалық деректерге шолу жасасақ, дүние жүзінде Үндістан мен Қытай кітап оқудан оқ бойы озық тұр екен. Көрнекті ақын Иосиф Бродскийдің: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл – оның өз қасіреті, ал, миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті» деген сөзі бар. Сол себепті, өркениеттер қақтығысында ұрпағымыздың опық жемеуін ойласақ шұғыл түрде ескеретін мәселенің бірі – бүгінгі ұрпақты кітап оқуға тәрбиелеу. Әдебиет әлемі зиялы қауымның шығармасы мен еңбегінен тұрады. Бізде зиялы қауым өкілдері көп емес. Сондықтан олардың әрқайсысын ерекше құрметтеуіміз керек, – деді Руслан Рүстемұлы.

Шара барысында қаламыздың үздік оқырмандары мен бірқатар кітапханашылар қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталса, шахмат пен тоғызқұмалақтан сайысқа түскен жеңімпаз оқушыларға медальдар мен мадақтамалар  табысталды.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: