Сенбі, 21 желтоқсан, 20:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қала күні бүгіннен бастап тойлануда

17.09.2024

447 0

Қала күні мерекесі бүгіннен бастап тойлануда. Ақмешіттің аспанын дүркіреткен думанды күндер бір айға созылмақ. Мерейлі мереке тұсында қала халқының көңілін көтеріп, мереке мезіретін сезіндірер қандай іс-шаралар атқарылады? Бұл туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов журналистермен жүздесуінде айтқан еді.

– Биыл Қызылорда шаһарына – 206 жыл. Қала күні мерекесін тойлау қыркүйек айының 17-ші жұлдызынан бастау алады. 12-ші қазанға дейін арнайы бекітілген жоспар бойынша түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Тақырыптық сүйемелдеу, қала қонақтары мен тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында көшелер мерекеге сай безендіріліп, естелік суреттерге түсетін фотозоналар қойылады, – деді Жағыпар Айтбайұлы.

Мерекенің ашылу салтанаты ретінде 17 қыркүйекте сағат 19:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде шаһар тұрғындары мен қонақтарына қалалық «Жастар театрының» «Неге, жаным, шығарып сала алмадың?» атты лирикалық драмасы ұсынылады. Мерекелік шаралар легі поэтикалық дуэль, жастар кеші, дәстүрлі кітап көрмесі, республикалық ақындар айтысы, жас суретшілер байқауы, вокалды аспапты ансамбльдердің дәстүрлі фестивалі, тазалық акциялары, облыстық фотографтар байқауы, түрлі спорттық және интеллектуалдық сайыстар, отбасылық квиздер, зағип және нашар көретін азаматтар арасындағы республикалық өнер байқауы, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, ат бәйгесі, театрландырылған қойылыммен жалғасып, гала-концертпен қорытын­дыланады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: