Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тіл – асыл қазына

01.10.2024

627 0

Тіл мәртебесі қашан да биік болу керек. Өйткені, ол Ахмет Байтұрсыновтың тілімен айтқанда, ұлттың жаны. Міне, сондықтан біз тілге құрметті тек Қазақстан халқы тілдері ғана емес, аптаның әр күнінде жасаймыз. Сөзіміздің айқын дәлелі – Талсуат ауылдық округіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында өткен мәдени іс-шара. – Мұндай тағылымды кеш арқылы біз өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңіріп, тілімізді, елдігімізді таныту, көрсетуді мақсат еттік. Әрбір қазақстандық азаматтың кеудесінде мына байтақ Отанға, ұлттық құндылықтарға деген құрметі ерекше болу керек. Кеуде сарайымызда ұлттық мүдде тұруы керек, – дейді ұйымдастырушы Ф.Елшібекова. Балалар орталығында өткен шарада өнерпаздар өлең оқыды, ән шырқады. Тіл туралы әдебие кітаптар мен журналдардың көрмесі қойылып, жұртшылыққа рухани байлығымыз насихатталды. «Тіл – бірліктің тірегі» аталған кітап көрмесі келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: