Жұма, 27 желтоқсан, 19:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеті қабатты үйде тұрғым келеді

15.10.2024

358 0

Иә, жаңа, заманауи үлгіде әрі биік етіп салынған тұрғын үйге көшіп, қоныстойын тойлау – бәрінің арманы емес пе…
Кез келген мемлекетте тұрғын үй негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Себебі тұрғындардың әлеуметтік жағдайы олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты. Жыл артқан сайын Қызылорда қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, қоныстой қатары көбейді. Әрине, бұл – жағымды жаңалық.
Міне, тұрғын үй құрылысы бойынша игі істер биыл да жалғасын таппақ. Мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асып, тың бастамалар сәтті орындалуда.
Жалпы қазіргі күні қалада 3911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
– Біз тұрғындарымыздың талап-тілектеріне орай мақсатты шараларды жүзеге асырып, жайлы баспана ұсыну үшін көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын қарқынды жүргізудеміз.
Оның ішінде, 3139 пәтерлі 58 тұрғын үй бюджет есебінен, 772 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке инвестициялар есебінен салынуда. Жыл соңына дейін 7 қабатты 10 үйдің жоба-сметалық құжаттары және сараптама қорытындысын алу жоспарлануда, – деді қала басшысы Нұржан Ахатов.
Қала әкімі айтқандай, тұрғын үйлер құрылысы қарқынды. Әсіресе, Сырдың сол жағалауында құрылыс қарқыны жоғары. Өңір тұрғындары үшін жағымды жаңалықтың бірі – жеті қабатты тұрғын үйлердің бой көтеруі. Бұл үйлердің құрылысы былтыр сәуір айында басталған.

Мамандарды сөйлетсек…

Бір аумақта 6 тұрғын үй салынған. Құрылысы 90 пайыз аяқталып қалғаны көрініп тұр. «Орион LTD» ЖШС мекемесінің шебері Дәурен Қозбақов бұл салада екі жылдан бері жұмыс істейді.
– Біздің мекеме екінші тұрғын үйдің құрылысын жүргізді. Мұнда іргетасын қалаудан бастап, барлығын қолға алдық. Одан кейінгі сылақ, кафель жапсыру секілді ішкі жұмыстарды да аяқтадық. Енді жуып тазартуға кірісеміз. Бұл үйдің бір ерекшелігі – барлық бөлмеде өртке қарсы дабыл жүйесі орнатылған. Лифт қызметі қосылған. Бәрі соңғы үлгіде әрі заманауи етіп салынуда, – дейді ол.
Сол жағалауда салынып жатқан бұл көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 37284 шаршы метр болса, бір тұрғын үйдің ауданы – 6213,9 шаршы метрді құрайды.
– Қазіргі таңда шаһарымыздың сол жағалауында 16 тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр. Оның ішінде 6 тұрғын үй жеті қабатты болса, қалғаны 5 қабатты үйлер. Бұл тұрғын үйлердің барлығы заманауи бағытта және жаңа технологиялардың көмегімен салынуда. Құрылысы жүріп жатқан 7 қабатты тұрғын үй – 84 пәтерлі болса, 5 қабатты үйлерде – 470 пәтер қамтылмақ.
Бұл үйлердің құрылысын «Аман Құрылыс», «Орион LTD», «Риголит», «Промсервис», «Абу-сер» секілді құрылыс компаниялары жүргізуде. Бүгінде жұмыстың 90 пайызы аяқталып қалды. Аула ішін көркейту, газон егу, балаларға арналған ойын алаңын салуды «Алтын айдарлы» мекемесі жүргізуде, – дейді қалалық құрылыс бөлімінің маманы Мәулен Бөбетаев.
Олай болса, тұрғындар асыға күтіп жүрген, қызыға қарайтын бұл жаңа үйлер жыл соңында пайдалануға берілмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: