«Шаншар» театрымен танылған актер Дәурен Әбиев «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында екінші әйел алу жайлы ойын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Театр және кино актері әншілікке бет бұрғанын айтты.
«Жақында Бауыржан Өскенбековтен бір ән алдым. Қазіргі өзекті тақырып. Келіншегім қалай қабылдайтынын білмеймін. Ән екінші әйелге арналған, бірақ оның ішіне бірінші әйелді қосады. Тоқалға арналған ән. Әзіл ән. Әйеліме бұл ән жайлы бір-екі рет айтқанмын, ол біртүрлі болып қалды. Бұл әнді тек тоқалдар тыңдайтын сияқты», – дейді актер.
Актер екінші әйел алуға қалай қарайтынын айтты.
«Екінші әйел қазір керек жоқ. Қазір жаспыз. 50-ден асқаннан кейін болмаса. Қазір бірінші әйелді қатырып алайық. Әйелден де басқа проблема көп қой», – дейді ол.
Актер бұл әнді басқа әндеріне қарағанда қымбатқа сатып алғанын айтты.
«Қазір не айтылмай жатыр. Мен балағат сөздер айтып жатырған жоқпын. Сөздері әдемі. Маған хайптың керегі жоқ. Әннің ырғағы, қалай аяқталатыны ұнады. Бұл әнді мен 500 мыңға сатып алдым», – деді Дәурен Әбиев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!