Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Хат қоржын

03.04.2022

1208 0

Шаруа мен малшы

Шаруа мен малшы жолығып,

Мұңын айтты қынжылып,

Ойларында сан сұрақ,

Деді бүгін «жүнжідік».

Қар да жауды биыл аз,

Жаңбыр да анау жаумай тұр.

Жоғарыдан хабар жоқ

«Кері іске» бір аумай тұр.

Шара қылса жәрдем қып,

Мәселеге ел бойласа.

Халыққа да нан керек,

Парқын «ерлер» ойласа.

Қауып алса қайтесің?

Қаңғыбас ит көп қазір,

Көз салсаңыз далаға.

Шаба ма деп қорқасың,

Абайсызда балаға.

Хабарластық 103-ке,

Мардымды жауап бермеді.

Түсінбеді ол емесін,

Еріккеннің ермегі.

Көшеде ит қаптап жүр,

Кім ойлайды ақырын?

Жараланса қайтесің,

Балаң, туыс, жақының?

Балалар жүр көшеде,

Ит те өріп жүр. Алаңмын.

Мән  бермейді әкімдік,

Мән береді оған кім?

Рысбек Тобылов

Несие

Бас қатырған несие,

Бастық қылған несие.

Талайлардың көзіне,

Жас боп тұнған несие.

Арман боп тұр несие,

Жалған деп біл несие.

Алған жанға əрқашан,

Қорған боп тұр несие.

Əуре қылған несие,

Тұзақ құрған несие.

Теңін тапқан қыздарды,

Ұзаттырған несие.

Той қылған да несие,

Бай қылған да несие.

Төрт құбылаңды түгел ғып,

Сай қылған да несие.

Əкем де боп тұр несие,

Көкем де боп тұр несие.

Жып-жылы жайлы тұратын,

Пəтер де боп тұр несие.

Танымаған жағдайда,

Таныс боп тұр несие.

Жарымаған жағдайда,

«Шанс» боп тұр несие.

Əрине алған əр үйге,

Табыс боп тұр несие.

Бітпес бес күн фəниде,

Əрі іс боп тұр несие.

Бақ демегін несие:

Төлесең де сорлайсың,

Төлемесең де сорлайсың,

Несие алсаң бұл сөзім,

Түседі кейін есіңе!

Әлібек ЕРМАҒАЛИЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: