Жексенбі, 28 сәуiр, 01:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Қазанмен тамақ көтеріп әкелетін»: Ақерке Бүркітбай көзіне жас алды

10.07.2023

842 0

Жұлдызды әулеттің келіні Ақерке Бүркітбай Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында өзіне қолдау көрсеткен Роза Қуанышқызына алғысын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қиын кезеңдерде екі ұлды дүниеге әкелген Зейіннің әжесі, анама үлкен алғыс білдіремін. Бөпем қырқынан шыққанға дейін маған көмектесті. Өзімнің анам Атырауда, ол кісі ақылын айтып тұрады, өзі бес баланың анасы. Енем қасымызда, көрші тұрамыз. Қырық күнге дейін сорпасын дайындап, өзінің үйінен қазанмен тамақ көтеріп әкелетін. Сол сәттерді есіме алсам көзіме жас келеді. Анам өз тарапынан үлкен қолдау көрсетті. Ер адамдар барынша көмектесуге тырысады, бірақ өз басынан өтпегеннен кейін олар әйелдің жан дүниесін түсіне бермейді. Ананы ана түсінеді. “Ерке, не жейсің? Сорпа ішесің бе, қазы жейсің бе? Не әзірлеп берейін?” деп асты-үстіме түседі. Сондай сөздің өзі жүрегіңе жылу сыйлайды. Перзентханадан шыққан соң үйге қонақтар көп келді. Анам маған бірден: “Ерке, демал. Қонақ күтпейсің, ыдыс жумайсың. Балаңның қасында бол. Балаңа керексің” деді. Сырттай қатал көрінгенімен, маған өте мықты қолдау көрсетті”, – дейді Ақерке көзіне жас алып.

Өнер иесі әжесі мен немересінің арасында ерекше байланыс барын да жасырмай айтып берді.

“Зейін мен әжесінің ерекше байланысы бар. Ол әжесіне қарап күліп, әңгімелесіп, уілдейді. Әли маған: “Ерке, ойлап көрші, ертең Зейіннің де баласы болады. Сонда қандай сезімде боласың?” деген де мен тіпті махаббаттың шексіздігін көз алдыма елестете алмаймын”, – дейді жас ана. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: