Сәрсенбі, 30 қараша, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (1899)
29.11.2022
PDF мұрағаты

«Қолөнер – тың идея мен нәтижелі еңбекті қажет етеді»

17.02.2022

575 0

Ұлттық нақыштағы киімдер мен бұйымдар тігудің хас шебері, сырбойылық кәсіпкер Аида Керімқұлованың ерекше дүниелері бүгінде көптің сұранысына ие. Өз қолынан шыққан сапалы тауарлар қарапайым халық үшін қол жетімді бағада сатылады. Сондай-ақ, өзі жетекшілік ететін «Сапа Ка» және «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығында бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аида Керімқұлова өз кәсібі туралы БАҚ өкілдеріне кеңінен баяндап берді.

– 2018 жылы «Dalatex» компаниясының басшысы Дінмұхаммед Абизовтың бастауымен «Аға сеньора» атты жобаны қолға алдық. Жоба аясында бірнеше мемлекеттерде болып, 30 жылдан аса тігіншілікпен айналысқан кәсіпкерлермен тәжірибе алмастық. Мұндай жобалар жаңа туындылар жасауға үлкен мүмкіндік. Себебі, «қолөнер – тың идея мен нәтижелі еңбекті қажет етеді». Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы ақсаңдап тұрғаны рас. Дегенмен, мемлекеттік қолдаулардың арқасында көптеген кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар мен субсидиялар бөлінуде. Менің мақсатым – өңірімізде қолөнер саласын дамытып, отандық өнімдерді нарыққа шығару. Сондай-ақ, осы салаға икемі бар жастарды барынша қамтығым келеді. Қазіргі таңда қыз ұзату тойларына және түрлі бейнероликтерге түсу үшін ұлттық киімдерді сатып алушылар қатары көбейді. Қазақы нақыштағы киім-кешектер, әшекей бұйымдар, үй жасауы тек ұлттық мерекелерде ғана емес күнделікті қолданыста болса екен, – деді Аида Әбдіқайымқызы.

Тағы да оқыңыз: